ЗИЯНКЕСТЕРГЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР БАСТАЛДЫ

Келес ауданында ауыл шаруашылығына қауіп төндіретін зиянкестерге қарсы кешенді жұмыстар басталды. Қошқарата ауылдық округіне қарасты Мақташы елді мекенінде шегірткеге қарсы анықтау және бақылау шаралары жүргізіліп, мамандар алқаптарды жіті тексеруде. Негізгі мақсат – зиянкестердің таралуын дер кезінде анықтап, алдын алу.
ҚАНИПА БІТІБАЕВА АТЫНДАҒЫ БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округіндегі №37 Бейімбет Майлин атындағы келешек мектебінде «Қанипа Бітібаева» атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Білім додасына 9–11 сынып оқушылары қатысты. Шараның мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін насихаттап, оқушылардың білімін шыңдау. Толығырақ тілші материалында.
Түркия мен Израиль арасы шиеленісіп барады

Түркия мен Израиль арасы шиеленісіп барады. Бұған Президент Режеп Тайип Ердоғанның мәлімдемесі себеп. Jerusalem Post басылымының дерегі бойынша Түркия басшысы Тель-Авивті Палестина мен Ливандағы басқыншылық әрекеттері үшін айыптаған. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Әлемдегі ең кәрі горилла 69-ға толды

Әлемдегі ең кәрі горилла Германияда. Биыл 69 жасқа келді. Берлин хайуанаттар бағы маймылдың туған күнін атап өтті. Туған күн иесінің есімі – Фату.
Еліміз доллар бағамына байланысты 146 миллиард теңге кірістен айырылды

Мұны қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді. Оның сөзінше, мұнай бағасы өскенімен, теңгенің нығаюы бюджет кірісіне кері әсер етті. Бұл жағдайда бюджет ұтқаннан гөрі көбірек ұтылған. Вице-министр бәрін кезең-кезеңімен түсіндіріп берді:
Түркияда мектепте атыс болып, 16 адам жараланды

Ал шабуыл жасаған жасөспірім өзіне қол жұмсады. Оқиға Сиверек қаласындағы кәсіптік-техникалық мектепте болған. Шабуылды осында бұрын оқыған 17 жастағы оқушы жасаған.
Елімізде түлектерге мектеп бітіру кешіне ақша жинауға тыйым салынды

Оқу-ағарту және Ішкі істер министрлігі түлектердің бітіру кештерін өткізуге байланысты талаптарды нақтылады. Ол үшін арнайы бірлескен бұйрық дайындалды. Енді жаңа ережеге сәйкес, аттестат тапсыру салтанаты енді тек мектеп қабырғасында өтеді. Мектептен тыс жерде мейрамхана, кафе немесе басқа орындарда өткізуге рұқсат жоқ.
ТҮРКІСТАНДА АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСКЕК ЕСУДЕН ҚР-НЫҢ КӨКТЕМГІ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

Түркістан қаласында академиялық ескек есуден көктемгі Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігінде Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 19 алтын, 18 күміс және 9 қола медаль жеңіп алды.
Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспарлары туралы баяндалды.
Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-белорус стратегиялық серіктестігінің қарқыны жоғары екенін атап өтті.