Түркия мен Израиль арасы шиеленісіп барады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Түркия мен Израиль арасы шиеленісіп барады. Бұған Президент Режеп Тайип Ердоғанның мәлімдемесі себеп. Jerusalem Post басылымының дерегі бойынша Түркия басшысы Тель-Авивті Палестина мен Ливандағы басқыншылық әрекеттері үшін айыптаған. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Ердоған мұнымен ғана шектелмей, «Таулы Қарабақ пен Ливияға кіргендей, Израильге де дәл солай әскери күш қолдануымыз мүмкін», – деген. Тель-Авив те бұған бірден жауап қатты. Израильдің мәдени мұралар министрі Үкіметте Түркиямен дипломатиялық байланысты үзу туралы мәселе көтеретінін жеткізді.

Дереккөз: 24.kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp