Әлемдегі ең кәрі горилла 69-ға толды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Әлемдегі ең кәрі горилла Германияда. Биыл 69 жасқа келді. Берлин хайуанаттар бағы маймылдың туған күнін атап өтті. Туған күн иесінің есімі – Фату.

«Жасы ұлғайған сайын, Фатудың отырып-тұруы баяулап, ауру-сырқауы да көбейді», – дейді мамандар. Әсіресе остеоартрит сияқты буын ауруы жанын қинайды. Фату айналасындағы өзге маймылдарға, яғни кішілерге бас-көз болып жүреді екен. Жабайы табиғатта гориллалар әдетте 35 жыл ғана өмір сүреді.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp