ӘЖЕЛЕР ЖОЛЫ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі, ал оның алтын діңгегі – әже берген ақыл мен ананың мейірімі. Осындай мақсатты көздейтін іс шара Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде өтті. «Ару Аналар» тобы ақ жаулықты әжелердің «Әжелер жолы – ұрпаққа өнеге» атты есеп беру кеші жайында толығырақ алдағы бейнематериалда.

КЕЛЕСТЕ ЖАҢА ӨНДІРІС ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келес ауданында инвестициялық жобаларға бағытталған маңызды кездесу өтті. «Қазыналы қария тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде Өзбекстаннан келген делегация өкілдерімен бірлескен кәсіп ашу мәселесі талқыланды. Кездесу барысында ауданда шай өндірісін жолға қою мүмкіндігі қарастырылып, тараптар өзара пікір алмасты.

Париж тұрғыны 1 миллион еуро тұратын Пикассо картинасын ұтып алды

Бұл Пабло Пикассоның 1941 жылы салған «Әйел басы» туындысы. Картина Christie’s ұйымдастырған қайырымдылық лотереясында ойнатылды. Нәтижесінде Париж тұрғыны Ари Ходара жеңімпаз болды. Ол 100 еуролық билетті соңғы сәтте сатып алған екен. Оған ұтыс туралы хабарласқанда, алаяқтар алдап отыр деп ойлаған.

Жалған жөндеуші елорда тұрғындарын алдап кеткен

Қаскүнем кафе, компьютерлік клубтар мен дүкендерді аралап жүріп, өзін кондиционерлерді, бейне камераларды, ауа тартқыштарды жөндейтін маман ретінде таныстырып, жабдықтарды тексеріп жатқандай әрекет жасаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады

Мемлекет басшысы дауыс беру нәтижесі мажар халқы TISZA партиясының жетекшілері мен бағдарламасына жоғары деңгейде сенім білдіргенін көрсетіп, бұл Мажарстанның орнықты дамуын қамтамасыз ететінін атап өтті.