ҚАБЛАНБЕК КОЛЛЕДЖІ 9-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЕСІГІН АШТЫ

«Қабланбек» Жоғары Аграрлық-Техникалық колледжінде 9-шы 11-ші сынып оқушыларына арналған кездесу өтті. Жиын барысында жоғарғы сынып оқушыларына оқу орнының мүмкіндіктері жанжақты таныстырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты жастарға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру және аграрлық саланың маңызын түсіндіру болды.
АУЫЛДАҒЫ АУЫЗБІРШІЛІК ҮЛГІСІ

Келес ауданының орталығы Абай ауылында тұрғындар көктемнің шуақты кезеңін ерекше ұйымшылдықпен қарсы алды. 13-мөлтек ауданға қарасты Бегманова көшесінде өткен басқосуда ауыл халқы бір дастархан басында жиналып, тасаттық беріп, береке мен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті. Түрлі ұлт өкілдері қатысқан жиын татулық пен өзара сыйластықтың мәнін айқындай түсті.
ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Келес ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік өтті. Ауқымды тазалық шарасына түрлі мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, елді мекендерді абаттандыру, көше бойларын тазалау және қоршаған ортаны ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Венгрияда оппозициялық партия билікті қолға алды

«Tиса» партиясы сайлауда жеңіске жетіп, 98,67% дауыс жинады. Осылайша олар парламенттегі 199 орынның 138-ін иеленді. Ал 16 жыл билікте отырған Виктор Орбанның «Фидес» партиясына 54 орын ғана бұйырды. Тағы 7 мандатты «Отан» партиясы иеленді.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 906 МЫҢ ГЕКТАР АУМАҚТА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан облысында шегіртке дернәсілдеріне қарсы күрес және фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл шаралар облыс әкімі Нұралхан Көшеров бақылауында іске асырылып отыр. Жоспарға сәйкес, биыл өңірде 906 мың гектар аумақты қамтитын мониторинг жүргізу көзделген. Бүгінгі күнге дейін соның 117 мың гектары зерттелді. Тексеру нәтижесінде 21 мың гектар алқапта шегіртке зиянкестерінің зияндылық шегінен асқаны анықталған. Осыған байланысты зиянкестердің таралуын шектеу және егін алқаптарын қорғау мақсатында 19,6 мың гектар аумақта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда өңдеу шаралары жоспарға сәйкес, жедел әрі уақытылы атқарылуда.
Мемлекет басшысы Ирак Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады.
Алматыда инвестиция ретінде ұсынылған қаржы пирамидасы әшкереленді

Алматы қаласы бойынша ҚМА департаменті «Boxy Wealth» жобасына қатысты тергеуді аяқтады. Тергеу мәліметінше, күдікті бір жыл бойы қалада қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған.
АҚШ Ормуз бұғазын бұғаттайды

Бүгіннен бастап Иран порттарынан шыққан немесе кіретін барлық кеме тоқтатылады. Президент Дональд Трамп кеше АҚШ теңіз күштеріне осындай тапсырма берді. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Димаш Құдайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды

Димаш Құдайберген Макаода Weibo Macau China-ның «Халықаралық мәдени алмасуға қосқан жылдық үлесі үшін» марапатын иеленді.
Яна Легкодимованың ісі: Сотталғандар әлі күнге дейін «Қара бүркітке» ауыстырылмаған

Яна Легкодимованы аса қатыгездікпен өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Қатимов әлі күнге дейін Атырау қаласындағы тергеу изоляторында отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.