
Мұны қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді. Оның сөзінше, мұнай бағасы өскенімен, теңгенің нығаюы бюджет кірісіне кері әсер етті. Бұл жағдайда бюджет ұтқаннан гөрі көбірек ұтылған. Вице-министр бәрін кезең-кезеңімен түсіндіріп берді:
Биыл Ұлттық қорға қосымша 162 миллиард теңге түсті;
Мұнай қымбаттауы есебінен бюджетке тағы 40,5 миллиард теңге түскен;
Бюджетте доллар бағамы 540 теңге деп жоспарланған. Десе де нақты орташа бағам 497,7 теңге болды.
Соның салдарынан бірқатар салық түсімдері азайып, бюджет шамамен 146 миллиард теңге кірістен қағылған.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


