
Оқу-ағарту және Ішкі істер министрлігі түлектердің бітіру кештерін өткізуге байланысты талаптарды нақтылады. Ол үшін арнайы бірлескен бұйрық дайындалды. Енді жаңа ережеге сәйкес, аттестат тапсыру салтанаты енді тек мектеп қабырғасында өтеді. Мектептен тыс жерде мейрамхана, кафе немесе басқа орындарда өткізуге рұқсат жоқ.
Сонымен қатар министрлік оқушыларға, ата-аналар мен заңды өкілдерге ақша жинауға тыйым салды.
Әкімдіктерге мектеп бітіру кешін артық шығынсыз ұйымдастыру тапсырылды. Ал полиция қоғамдық тәртіпті бақылап, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


