Түркияда мектепте атыс болып, 16 адам жараланды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Ал шабуыл жасаған жасөспірім өзіне қол жұмсады. Оқиға Сиверек қаласындағы кәсіптік-техникалық мектепте болған. Шабуылды осында бұрын оқыған 17 жастағы оқушы жасаған.

Аңшы мылтығын ұстаған жасөспірім алдымен мектеп ауласына, кейін ғимарат ішіне оқ жаудырған. Салдарынан 12 оқушы, екі мұғалім және екі тұрғын жарақат алды.

Балалардың біразы терезеден секіріп қашып құтылған. Оқиға орнына жеткен арнайы жасақ жасөспірімді тоқтатуға тырысқан. Алайда ол өзіне қол жұмсаған.

Шабуылға досымен арадағы жанжал себеп болуы мүмкін. Қазір оқиға орнында төтенше қызмет жұмыс істеп жатыр. Оқушылардың басым бөлігі эвакуацияланған.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp