
Түркістан қаласында академиялық ескек есуден көктемгі Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігінде Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 19 алтын, 18 күміс және 9 қола медаль жеңіп алды.
Аталған дода қорытындысы бойынша түркістандық Иван Чернухин мен Владислав Яковлев М2 санаты бойынша 2000 метр қашықтықта үздік нәтиже көрсетіп, алдағы Азия ойындарында ел намысын қорғауға жолдама алды. Енді олар құрлықтық додада жүлде үшін таласады.
Жалпы, Түркістандағы ел чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, отандық ескек есудің әлеуеті мен бәсекелестік деңгейінің арта түскенін көрсетті.
Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


