Көктемгі егіс науқанына 402,3 мың тонна дизель отыны бөлінді

Энергетика министрлігі еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуаттарын ескере отырып, көктемгі егіс науқанына 402,3 мың тонна дизель отынын бөлді.
ҚР ІІМ: Киевте есірткі бизнесі үшін есірткі жасырушыларды тартумен айналысқан call-орталықтардың желісі жойылды

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Украина Ұлттық полициясымен және екі елдің бас прокуратураларымен бірлесіп, халықаралық қылмыстық топтардың call-орталықтарын жою бойынша арнайы операция өткізді.
Қазақ футболы тағы бір футболшысынан айырылды

Ол көкшетаулық “Елім-Ай” клубының ойыншысы Илья Буртовой. Ойыншы жол апатынан көз жұмды. Апат Абай – Қарағанды тасжолында болған.
Филиппинде 7,8 магнитудалық қуатты жер сілкінісі болды

Жер асты дүмпуі Филиппиннің оңтүстігіндегі Минданао аймағында тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Минданао аралының ең оңтүстігіндегі Сарангани провинциясына қарасты Генерал-Сантос қаласының жағалауында орналасқан.
Сарыағаштағы заңсыз нысан сүрілді

Сарыағаш қаласы аумағында заңсыз салынған құрылыс нысандарын бұзу жұмыстары жалғасуда. Кезекті нысан – Жетісай – Шымкент тас жолы бойында орналасқан кәсіпкерлік объектісі. Аталған жер телімі бастапқыда ауыл шаруашылығы мақсатында беріліп, ал кәсіп иесі оны басқа мақсатта пайдаланған көрінеді. Бүгінде заңсыз салынған ғимараттың тағдыры қалай болмақ? Тиісті мекемелер қандай шара қолданды? Толығырақ, алдағы бейнематериалда.
Бибісара Асаубаева – Norway Chess Women 2026 халықаралық шахмат турнирінің жеңімпазы

Отандасымыз Бибісара Асаубаева шахматтан өткен Norway Chess Women 2026 халықаралық турнирінде мерзімінен бұрын 1-орын алды. 25 мамырда басталған бәсеке (5 маусымға дейін) Осло қаласында (Норвегия), Deichman Bjørvika мәдени орталығында өтті. Жарысқа 4 елден (Қазақстан, Қытай, Үндістан және Украина) жиналған әлемнің ең мықты 6 шахматшысы қатысты.
Май өңдеу саласы Қазақстанға 1 млрд АҚШ доллары көлемінде экспорттық табыс әкелді

5 маусым күні Астанада Еуразия кеңістігіндегі май өңдеу өнеркәсібінің даму үрдістері мен болашағын талқылауға арналған «FOC 2026: Fats and Oils Conference» бесінші мерейтойлық халықаралық конференциясы өтті. Соңғы бес жылда бұл алаң саладағы ең беделді халықаралық іс-шаралардың біріне айналды.
Мемлекет басшысы 2026 жылдың 15 наурызында қабылданған Конституцияның ережелерін жүзеге асыру мақсатында конституциялық заңдарға қол қойды

Заң Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесін, өкілеттіктерін және қызметін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің құқықтық мәртебесін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
Домбыраны «ібілістің жыныс мүшесі» деген ақтөбелік 3 жарым жылға сотталды

35 жастағы Азат Қонысов мүфтият өкілдерін «тозақ иттері» деп атаған. Ал домбыраны «ібілістің жыныс мүшесімен» салыстырған.
Қазақстанда зейнетақы мөлшері өсе ме: Еңбек министрлігі жауап берді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай қазақстандықтардың зейнетақысын индекстеу мәселесіне қатысты пікір білдірді.