
Ол көкшетаулық “Елім-Ай” клубының ойыншысы Илья Буртовой. Ойыншы жол апатынан көз жұмды. Апат Абай – Қарағанды тасжолында болған.
Оқиғадан кейін Илья Буртовой ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер бар күшін салғанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.
Илья Буртовой футболдағы кәсіби жолын 2015 жылы “Шахтер-Булат” командасында бастаған. Кейін футзалға ауысып, Қарағандының “Прогресс” клубы сапында Қазақстан кубогында өнер көрсеткен. Оған қоса “Скаут” балалар футбол клубының жаттықтырушысы болған.
Марқұм бар болғаны 29 жаста еді.


