Көшпенділер ойындарының экс-басшысы 40 млн теңге пара алды деген күдікке ілікті

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясының бұрынғы басшысы Наиль Нұров аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Қазіргі уақытта экс-шенеунік Астанадағы тергеу изоляторында отыр.

Зеленский Путинге ашық хат жариялады

Зеленскийдің айтуынша, кездесу Түркияда, Швейцарияда немесе араб елдерінің бірінде өтуі мүмкін. Ол Ресей мен Украина арасындағы қазіргі қарым-қатынасты ескере отырып, «өзінің Мәскеуде де, Путиннің Киевте де шаруасы жоқ» екенін айтты.

Қарттар үйінде өрт шығып, 12 адам ажал құшты

Шри-Ланканың батыс бөлігіндегі Ангуруватота қаласында орналасқан қарттар үйінде шыққан өрт салдарынан кемінде 12 адам қаза тауып, тағы 8 адам жарақат алды. Қайғылы оқиға 3 маусым күні түнде болған.

АҚШ Украинаға әскери көмекті кешіктірді

Мұны Құрама Штаттарда сынап жатқандар көп. Америкалық сенаторлар бұл мәселе 2-3 апта бұрын шешілуі тиіс еді, алайда біз қағазбастылықтан арыла алмай отырмыз, деп Ақ үй әкімшілігін айыптады.

«Шекарасыз су: сауда, өндіріс және орнықты даму»

Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Женевадағы штаб-пәтерінде Сауда және қоршаған орта аптасы аясында Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасының «Water Across Borders: Trade, Production, and Sustainable Development» («Шекарасыз су: сауда, өндіріс және орнықты даму») атты бірлескен панельдік сессиясы өтті.

Мәжіліс электрондық сауданы кедендік реттеу бойынша түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат электрондық сауда тауарының кейбір санатын, жаңа декларация түрін және электрондық сауда операторын енгізуді көздейді. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, түзетулер шетелдік интернет-алаңдардағы үшінші елдерден жеке тұлғалардың атына халықаралық почта арқылы жіберілетін тауарларды «электрондық сауда тауары» деген жеке санатқа бөлуді қарастырады.

Кредиттік тарихыңызды қалай тексеруге болады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, кредиттік есеп – азаматтың немесе заңды тұлғаның атына рәсімделген барлық қарыздар мен кредиттер, сондай-ақ оларды өтеу тәртібі туралы ақпаратты қамтитын ресми құжат.