
Жер асты дүмпуі Филиппиннің оңтүстігіндегі Минданао аймағында тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Минданао аралының ең оңтүстігіндегі Сарангани провинциясына қарасты Генерал-Сантос қаласының жағалауында орналасқан.
Көршілес Индонезия мен Жапонияда да цунами туралы ескерту жарияланды. Филиппин президенті Фердинанд Ромуальдес Маркос барлық тиісті мемлекеттік органдарға тұрғындарды эвакуациялау және құтқару жұмыстарын дереу бастау жөнінде тапсырма берген.
Полицияның мәліметінше, әзірге қаза тапқандар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Дегенмен тәртіп сақшылары адамдардың қаза табуы немесе жарақат алуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Жер сілкінісі кезінде кейбір тұрғындардың қатты қорыққаннан есінен танып қалған.
Дереккөз: t.me/stankznews


