Ауылдағы инфрақұрылым

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Алпамыс батыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Аудан әкімі сала мамандары мен жиналған жұрттың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Жеңіс саябағында өткен жиынның мән-жайын әріптесім баяндасын.

ҰБТ тапсырған талапкерлердің 33 пайызы шекті балл жинай алмады

Биыл 240 мыңға жуық жан тест тапсырады. Оның 215 мыңы – мектеп түлектері. Қалғаны колледж бен былтырғы бітірушілер. Тесттің төртінші аптасы түйінделді. Осы аралықта талапкерлер 187 мың мәрте білімдерін сынап көрді.

“Назарбаев енді саясатпен айналыспайды”

Мұны экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айтты. Оның сөзінше, қазіргі Amanat партиясының жұмысы мен онда болып жатқан өзгерістерге Назарбаевтың еш қатысы жоқ. Ол кісі президент ретіндегі өкілетін 2019 жылы тоқтатқан.

Олжас Бектенов Президенттің нақты секторды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

Премьер-министр Астана қаласына жұмыс сапары аясында Президенттің өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды нығайту және АӨК-тегі қайта өңдеуді тереңдету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Олжас Бектенов логистикалық орталық, медициналық бұйымдар өндіретін зауыт, нан-тоқаш, сүт және ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға барды.

Иран Израильді атқылады

Иран Израильді зымыранмен атқылады. Бірнеше ауданда дабыл қағылды. Ресми Тегеран Израиль Ливанның оңтүстігіне шабуылды жалғастырған жағдайда ауыр соққылар жасайтынын ескерткенін айтады.

Нигерияда 360 тұтқын босатылды

Нигерия әскері елдің солтүстік-шығысында арнайы операция жүргізіп, «Боко Харам» содырларының қолынан 360 тұтқынды босатты.