Көктемгі егіс науқанына 402,3 мың тонна дизель отыны бөлінді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Энергетика министрлігі еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуаттарын ескере отырып, көктемгі егіс науқанына 402,3 мың тонна дизель отынын бөлді.

Үкімет фермерлер үшін жанар-жағармай материалдарының құнын тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар қабылдады. Операторлық шығындарды қоса есептегенде, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жеңілдетілген дизель отынының түпкілікті бағасы литріне 281 теңге деңгейінде белгіленді.

Бұл елдегі жанармай құю станцияларындағы орташа бөлшек бағадан 15%-ға төмен. Қазіргі таңда бөлшек саудадағы дизель отынының бағасы литріне 330 теңге.

Бекітілген жеткізу кестесіне сәйкес, жалпы көлемі 402,3 мың тоннаны құрайтын жоспар аясында аграршылар 324,8 мың тонна дизель отынына келісімшарт жасап, төлем жүргізген.

Бұл жалпы жоспардың 81%-ы. Іс жүзінде өңірлерге 300,9 мың тонна немесе жеңілдетілген отынның жалпы көлемінің 75%-ы жөнелтіліп, жеткізілді.

Дереккөз: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар