Шымкентте ақша бопсалаумен айналысқан блогер мен сыбайластары ұсталды

Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерде беделге нұқсан келтіретін бейнематериалдарды жариялаймын деп қорқытып, азаматтардан ақша бопсалаумен айналысқан топтың заңсыз әрекетін тоқтатты.

Париждегі мәйітханаларда орын қалмады

Францияны бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлап, оның салдары ауыр болып жатыр.Париждегі мәйітханалар лық толған. 32 суық камераның өзі жетпей, қосымша мұздатқыш контейнерлер қою қажеттігі туындаған.

Алматыдан Қытайға тағы бір тікелей әуе рейсі ашылды

Алматы мен Қытайдың Сиань қаласы арасында жаңа тікелей әуе рейсі іске қосылды. Azattyq Rýhy мәліметінше, рейстерді FlyArystan әуе компаниясы аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері орындайды. Жолаушылар Airbus A320 ұшақтарымен тасымалданады.

Бішкек Қазақстаннан жанармай сұрап отыр

Қырғыз билігі Қазақстан мен тағы бірнеше елден жанармай сұрады. Көрші ел мұнай өнімдерінің шамамен 90-95%-ын Ресейден импорттап отыр. Алайда федерация аумағының өзінде бензин тапшы. Сондықтан Бішкек басқа да жолдарын қарастыруға көшті. «Отын тапшылығын болдырмас үшін Ресей, Қазақстан, Беларусь, Әзербайжан, Өзбекстан және Түркіменстан үкіметтеріне ресми өтініш жолданды. Жанармай сатып алу көздерін көбейту, халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейту […]

LRT желісінде түтін шықты, әзірге көліктің қашан жүретіні белгісіз

Астана қаласы Есіл ауданы Сығанақ көшесіндегі LRT жолдарында өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, электр кабельдері тұтанған. LRT мамандары электр желісін кернеуден ажыратқаннан кейін, ТЖМ қызметкерлері Vario Carbon автономды ранцтық өрт сөндіргішінің көмегімен өртті сөндірді. Пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылды. Оқиғаның себебі мен пойыздың қашан қайта жүретіні туралы әзірге ресми ақпарат жоқ. Дереккөз: 24kz