
Астана қаласы Есіл ауданы Сығанақ көшесіндегі LRT жолдарында өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, электр кабельдері тұтанған. LRT мамандары электр желісін кернеуден ажыратқаннан кейін, ТЖМ қызметкерлері Vario Carbon автономды ранцтық өрт сөндіргішінің көмегімен өртті сөндірді.
Пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылды. Оқиғаның себебі мен пойыздың қашан қайта жүретіні туралы әзірге ресми ақпарат жоқ.
Дереккөз: 24kz


