Алматыдан Қытайға тағы бір тікелей әуе рейсі ашылды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Алматы мен Қытайдың Сиань қаласы арасында жаңа тікелей әуе рейсі іске қосылды. Azattyq Rýhy мәліметінше, рейстерді FlyArystan әуе компаниясы аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері орындайды. Жолаушылар Airbus A320 ұшақтарымен тасымалданады.

Сиань қаласы Қытайдың Шэньси провинциясының әкімшілік орталығы саналады. Дамыған ішкі әуе және теміржол желісінің арқасында жолаушылар Бейжің, Шанхай, Чэнду және Гуанчжоу қалаларына сапарын ыңғайлы жалғастыра алады.

2026 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Алматы әлемнің 53 қаласымен тікелей әуе қатынасын орнатты. Қазір оңтүстік астанадан Бейжің, Шанхай, Гуанчжоу, Чэнду, Үрімжі, Құлжа, Ханчжоу, Санья және Сиань қалаларына тікелей ұшуға болады.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_silkway

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар