Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз ұдайы орнықты даму бағдарын ұстанып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ең әуелгі міндет экономиканы және саяси бағытты жаңа талаптарға дер кезінде бейімдеу екеніне тоқталды.

21 ана мемлекеттік марапатқа ие болды

Келес ауданы әкімдігінің ғимаратында көпбалалы аналарды мемлекеттік марапатпен ұлықтау жиыны өткізілді. Салтанатты жиында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев жиналған ақ жаулықты аналарды ұрпақ тәрбиесіне сүбелі үлес қосып, ұлт тәрбиесінде көрсеткен еңбектерін атап өтіп «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградаларын табыстады. 21 анаға құрмет көрсетілген кездесу барысын толығырақ тілші материалында.

Аудан дамуы сессияда

Сарыағаш аудандық мәслихатының кезекті қырық бесінші сессиясында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен жергілікті бюджеттің орындалу деңгейі талқыланды. Жиынға аудан әкімі Арман Айдарұлы бастаған жауапты сала басшылары, аудандық мәслихат төрағасы, депутаттар, ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарады. Толығырақ, алдағы бейнематериалда.

Заңсыз қазбаға тосқауыл

Келес ауданында заңсыз жер қойнауын пайдалану мәселелеріне арналған кеңейтілген мәжіліс өтті. Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың төрағалығымен өткен жиынға ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Айдын Болатұлы Төребеков, аудан прокуроры Нұрлан Ешенқұлов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Жеңіс Лесбаев, құқық қорғау органдарының, салалық мекемелердің басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Түркия Орталық Азия атауын «Түркістан» деп өзгертті

Елдегі жаңа мектеп оқулықтарында Орталық Азия өңірі осындай атауға ие болды. Бұл өзгерістердің мақсаты – оларды «ұлттық тарихи жадқа сәйкестендіру». Оған қоса Түркияға сырттан таңылған терминдерді өзгерту туралы шешім қабылданыпты.

Қазақстанда 2026 жылы 200 өнеркәсіптік жоба мен 20 млн шаршы метр тұрғын үй іске қосылады

Президенттің экономиканың нақты секторын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанда өнеркәсіптік нысандарды іске қосу және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.

Қазақстанда бастауыш сыныптардағы оқыту жүйесі жаңартылады: жүктеме азайып, базалық білімге басымдық беріледі

Адамның дамуы мен білімі елдің басты басымдықтары деп аталған жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін, Оқу-ағарту министрлігі бастауыш сыныптарда оқу процесін толығымен қайта құруға шешім қабылдады. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында балаларға оңай әрі түсінікті болатын мектеп бағдарламаларын жаңарту туралы айтып берді.