Қазақстан тауарлық газдың ресурстық базасын кеңейтуде

ауарлық газдың ресурстық базасын ұлғайту үшін Газ саласын дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспары және Көмірсутектердің жаңа перспективалы кен орындарын игерудің 2035 жылға дейінгі жоспары бекітілді. Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов экономика мен халықтың қажеттілігі үшін шикізат қорын ұлғайту жөніндегі шаралар туралы хабарлады.

Алматы өмір сүру құны бойынша Қазақстандағы ең қымбат қала деп танылды

Зерттеуге әлемнің 547 қаласы, соның ішінде Алматы мен Астана да енген. Рейтинг азық-түлік, кафе мен мейрамханадағы тамақтану, көлік, коммуналдық қызметтер және басқа да күнделікті шығындар негізінде жасалған.

Жұмыспен қамту – басты бағыт

Мансап орталығы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін мемлекеттік мекеме. Оның негізгі мақсаты – жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтуға ықпал ету, жұмыс берушілерді қажетті кадрлармен қамтамасыз ету және еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты үйлестіру. Сонымен қатар жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнатып, өңірдегі бос жұмыс орындарының базасын тұрақты жаңартып отырады.

Өнер мен бірліктің жарқын көрінісі

Елордамыз «Астана күніне» орай, орталық саябақ алаңында ерекше балалардың қатысуымен «Шексіз мүмкіндік» атты аудандық фестиваль өтті. Шара барысында қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, шығармашылық қабілеттерін паш етті. Фестивальден кейін мерекелік кеш жалғасып, «Астана күніне» арналған концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды. Толығырақ, тілші сюжетінде.

Иран мен МАГАТЭ ынтымақтастығы қайта жандануы мүмкін

Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) алдағы бірнеше апта ішінде Иранның ядролық нысандарына қол жеткізеді деп үміттенеді. Бұл туралы МАГАТЭ-нің бас директоры Рафаэль Гросси РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәдениет, ақпарат және әлеуметтік саясат салаларында жаңа Конституция ережелерін жүзеге асыру барысы, сондай-ақ азаматтардың тұрмыс сапасын көтеруді көздейтін мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары баяндалды.

Олжас Бектенов Астанадағы Қазақ ұлттық спорт университетінің жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес, Астана қаласында ашылған Қазақ ұлттық спорт университетінің жаңа ғимаратындағы технологиялық жарақтандыру деңгейімен және білім беру жағдайымен танысты.

Қырғызстанмен шекарада карантиндік зиянкестер анықталған алхоры мен шие легін кіргізуге жол берілмеді

Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық инспекциясы еліміздің аумағына карантиндік зиянкестермен залалданған жеміс өнімдерін кіргізуге жол бермеді. «Қордай» автомобиль өткізу бекетінде жүргізілген фитосанитариялық бақылау барысында Қырғыз Республикасынан келген автокөлік құралдарынан қауіпті карантиндік нысандар анықталды. Атап айтқанда, салмағы 800 келі болатын жаңа піскен алхоры партиясынан Комсток сымыры анықталды. Ал жалпы […]