Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты

Мемлекет басшысы трамваймен Республика даңғылынан «Инженер» аялдамасына дейін жүріп өтіп, атқарылған істің сапасын және жаңартылған көлік инфрақұрылымының пайдалануға толығымен әзір екенін көрді.
Достығы жарақан өлке

Этносаралық татулықтың түпқазығы болған Сарыағаштың төрінде ұлттар арасындағы байланысты нығайту мақтсатында мерекелік шара ұйымдастырылды. Түркістан облыстық «Ұйғыр этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні» аудан көлемінде аталып өтті. Басқосуда ұйғыр халқының тілі, мәдениеті және дәстүрі дәріптеліп, ұлттық тағамдары ұсынылды.
Министр ескертті: мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланбаған өңірлер келесі жылы қаржысыз қалуы мүмкін

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыруды талап етті. Оның айтуынша, бөлінген қаржы өндіріс көлемін ұлғайтып, мал басын көбейтуге нақты әсер етуі керек. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.
9 айда 78 медициналық ұйым лицензиясынан айырылды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 2026 жылдың 9 айындағы бақылау және қадағалау қызметінің қорытындысын жариялады.
Түркия 15 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіге кіруіне шектеу қойды

Түркияда 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салу туралы жаңа талап күшіне енді. Енді әлеуметтік желі платформалары пайдаланушылардың жасын тексеріп, бұған дейін ашылған кәмелетке толмаған балалардың аккаунттарын кезең-кезеңімен бұғаттауы тиіс.
Ташкенте жарысқа барған қарағандылық 15 футболшы уланды

Мұны блогер Денис Денски мен балалардың ата-анасы мәлімдеді. Блогердің мәліметінше, 31 қазан күні Ташкенттегі қонақүйлердің бірінде таңғы ас ішкен соң балалар мен ересектердің іші ауырып, дене қызуы көтерілген. Бір тәуліктің ішінде 15 бала сырқаттанған.
Есірткі сататын интернет-дүкенге ақша аударып отырғандар ұсталды

Ақтөбеде есірткі саудасынан түскен ақшаны криптовалютаға айырбастаған қылмыстық топ ұсталды.
Жеңілдетілген лизинг көлемі 350 млрд теңгеге жетті

Елімізде шаруалардың заманауи ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуына көрсетілетін мемлекеттік қолдау жыл сайын артып келеді. Биыл жеңілдетілген лизинг бағдарламасына бөлінген қаржы көлемі 350 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бағдарламаның игілігін, әсіресе, шағын және орта шаруашылықтар көріп отыр. Мәселен, өткен жылы лизинг алушылардың 99,9%-ын осы санаттағы кәсіпкерлер құрады.
Ресей мен Украина арасындағы тоң жіби бастады

Екі ел өкілдерінің бірнеше айға созылған келіссөздері нәтижесінде гуманитарлық операция жүзеге асты. Соғыстан зардап шеккен өңірдегі тұрғындарға азық-түлік пен қажетті заттар жеткізілген.
Иран Британияның әскери және барлау құрылымдарын лаңкестік ұйымдар деп жариялады

Иран Сыртқы істер министрлігі Британияның әскери-теңіз күштерін, Әуе күштерін және барлау қызметін «террористік дұшпан құрылымдар» деп танығанын мәлімдеді. Бұл шешімді Иранның Жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесі қабылдаған.