Министр ескертті: мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланбаған өңірлер келесі жылы қаржысыз қалуы мүмкін

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыруды талап етті. Оның айтуынша, бөлінген қаржы өндіріс көлемін ұлғайтып, мал басын көбейтуге нақты әсер етуі керек. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті. 

Ендігі басты міндетіміз — жиналған өнімді жоғары деңгейде сақтай отырып, тиімді өткізу, ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету және экспорт көлемін ұлғайту. Мемлекет басшысы Жолдауында халықтың табысын арттыру міндетін қойып, инфляцияны ауыздықтауға айрықша мән берді. Сондықтан азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мәселесі жергілікті атқарушы органдардың басты назарында болуы керек, — деді министр.

📌Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар