
Екі ел өкілдерінің бірнеше айға созылған келіссөздері нәтижесінде гуманитарлық операция жүзеге асты. Соғыстан зардап шеккен өңірдегі тұрғындарға азық-түлік пен қажетті заттар жеткізілген.
Алайда Херсон облысындағы Олещки қаласындағы жағдай әлі де күрделі. Днепр өзенінің сол жағалауында орналасқан елді мекенде азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшылығы байқалады. Оған аймақтағы үздіксіз әскери қақтығыстар себеп.
Айта кетейік, 23 қазанда екі ел гуманитарлық жүк жеткізу және бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін уақытша атысты тоқтатуға келіскен.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


