Иран Британияның әскери және барлау құрылымдарын лаңкестік ұйымдар деп жариялады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Иран Сыртқы істер министрлігі Британияның әскери-теңіз күштерін, Әуе күштерін және барлау қызметін «террористік дұшпан құрылымдар» деп танығанын мәлімдеді. Бұл шешімді Иранның Жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесі қабылдаған.

Тегерандағы билік мұндай қадамға Лондонның Иранға қарсы саясаты себеп болғанын айтады. Атап айтқанда, Иран Британияны әскери базалары мен нысандарын Иранға қарсы соғыста пайдалануға берді деп айыптады. Сондай-ақ Лондонның Ислам революциясы сақшылар корпусын ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін ұйым деп тануын сынға алды.

Иран Сыртқы істер министрлігі бұл шаралар халықаралық құқық пен өзара жауап беру қағидатына негізделгенін мәлімдеді. Ведомство Британия қабылданған шешімнің салдарына жауапты болады деп ескертті.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар