Флоридада ұшақ көшеге құлап, тоғыз адам қаза тапты

АҚШ-тың Флорида штатындағы Палм-Бич қаласында бизнес-классқа жататын реактивті ұшақ көшеге құлады. Оқиға салдарынан борттағы тоғыз адамның барлығы қаза тапқан.
Германияда жұмысшылар жалақыны 5 пайызға көтеруді талап етіп, ереуілге шықты

Еңбек дауы машина жасау өнеркәсібіндегі 3,7 миллион жұмысшының еңбекақысына қатысты туындаған. IG Metall кәсіподағы жалақыны 12 ай ішінде 5 пайызға арттыруды талап етіп отыр.
ТМҰ-ға мүше елдер басшылары түркі әлемі өнер шеберлерінің концертін тамашалады

Концертте «Түркі әлемі» ансамблі мен Түркия Республикасы Президенттік симфониялық оркестрі Ұйымға мүше елдердің ең таңдаулы музыкалық шығармаларын орындады.
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Осы уақыт аралығында мұндай нәтижеден жоғары көрсеткіш тек екі рет тіркелген.
Google жаңа Gemini 4 Carbon жасанды интеллект моделін таныстырды

Google ұзақ уақыт бойы өздігінен жұмыс істеуге арналған Gemini 4 Carbon жасанды интеллект моделін таныстырды. Ол ауқымды бағдарламалық жобаларды талдап, қателерді тауып, түзете алады.
Жәнібек Әлімханұлы «Канеломен» біріктіруші жекпе-жек өткізетін уақытын атады

азақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) екінші орта салмақтағы чемпиондық белбеулерді біріктіру жекпе-жегін 2027 жылғы мамырда өткізгісі келетінін мәлімдеді.
Ұлын өлтірген қызылордалық 8 жылға сотталды

Қанды оқиға биыл 4 шілдеде Қызылорда облысының Арал ауданында болған. Облыстық прокуратураның мәліметінше, сол күні сотталған тұрғын мен ұлының арасында өз үйінде кикілжің туған.
Елена Рыбакина: Жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтау — мен үшін үлкен қуаныш

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Рыбакина — жыл қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы жекелей рейтингте көш бастайтын Азия елінің тұңғыш өкілі.
🔹Осылайша, оның жетістігі Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Азия теннисі үшін тарихи оқиғаға айналды.
– Жылды әлемдік рейтингтің бірінші сатысында аяқтайтыныма өте бақыттымын. Осыған орай жыл бойы маған қолдау көрсеткен баршаңызға рақмет. Келесі жылы да осындай жоғары деңгейде өнер көрсетуді жалғастыра аламын деп үміттенемін, — деді Рыбакина.
Қазақстан мен Кувейт саяси консультациялардың екінші раундын өткізді

Кувейт Мемлекетінде Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекетінің сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың екінші раунды өтті.
2027 жылдан шетелдіктер Қазақстанға арнайы рұқсатсыз келе алмайды

Алдағы қараша айынан бастап Қазақстанға кірудің жаңа талаптары қолданыла бастайды. Оның аясында енді шетел азаматтарынан елге келмес бұрын электрондық рұқсат алу талап етіледі. Ал, 2027 жылғы 1 шілдеден бастап мұндай рұқсаттың болмауы мемлекеттік шекарадан өтуге тыйым салуға негіз болуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz.