9 мамырда КСРО туын ілуге тыйым салынған ба?

Кей қазақстандықтар 9 мамырда КСРО туы мен Әулие Георгий лентасымен көшеге шығады. Дегенмен мұндай әрекет қоғамда дау тудырады. Мұндай рәміздерге тыйым салуды талап ететіндер де бар.

Израиль енді Түркияны көздеуі мүмкін

Израиль Ираннан кейін келесі қарсыласы ретінде Түркияны нысанаға алуы мүмкін. Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан жергілікті Анадолу агенттігіне берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.

Ресей Әзербайжанға AZAL әуе компаниясының ұшағын атып түсіргені үшін өтемақы төлейді.

Екі елдің Сыртқы істер министрлігі бірлескен мәлімдеме жасады. Ресейлік мекеменің сайтында жарияланған құжатқа қарағанда, зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі әуе кемесін абайсызда атып түсірген.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚУАТЫ 300 МВт ІРІ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНУДА

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Sauran Solar Power» ЖШС басқарма төрағасы Шао Юэбомен кездесіп, Сауран ауданында қуаты 300 МВт күн электр станциясын салу жобасының іске асырылу барысын талқылады. Ауқымды инвестициялық жоба аясында тараптар құрылыс жұмыстарының кезеңдері, іске асыру мерзімдері және туындаған өзекті мәселелерді шешу жолдары бойынша пікір алмасты. Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында жобаның іргетасы қаланып, стратегиялық бастамаға ресми түрде бастау алған болатын.

Оқушылар енді қайтадан мазмұндама, шығарма, диктант жазатын болды

Мұны Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Сөзінше, қазір мектеп бағдарламасы жаңартылып жатыр екен. Енді 5-7 сыныптарда «Конституция негіздері», 8-9 сыныптарда «Заң және тәртіп» оқытылатын болыпты. Ал жоғары сыныптарда «Құқық негіздері» пәндері міндеттеледі дейді.

Қуандық Қажкенов DENA және GIZ өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Германияның Энергетика агенттігі (DENA) және Германияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамы (GIZ) өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.