
Squawka деректеріне сүйенсек, мадридтік «Реалдың» түрік шабуылшысы Арда Гюлер Еуропаның топ-5 лигаларындағы барлық ойыншылардың ішінде ең көп голдық мүмкіндік жасаған футболшы атанды.
2025/26 жылғы маусымда 20 жастағы түрік мадрид клубының сапында барлық турнирде 10 матч өткізіп, 3 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді. Оның ішінде 3 гол мен 3 ассист Ла лиганың 8 кездесуінде тіркелді. Тағы бір голдық әрекет Чемпиондар лигасының екі ойынында жасалды.
Арда Гюлер мадридтік «Реалға» түріктің «Фенербахче» клубынан 24 миллион еуроға ауысты. Бастапқыда жас түрік таланты «корольдік» клубтың негізгі құрамына іліге алмай, тіпті Гюлерді басқа командаға жалға береді деген қауесеттер тараған еді. Алайда мадридтіктердің жаңа бапкері Хаби Алонсо Ардаға сенім артты.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


