
Кей қазақстандықтар 9 мамырда КСРО туы мен Әулие Георгий лентасымен көшеге шығады. Дегенмен мұндай әрекет қоғамда дау тудырады. Мұндай рәміздерге тыйым салуды талап ететіндер де бар.
Ал ел билігі Жеңіс рәміздерін пайдалануға тыйым салмайтынын айтты. Десе де олар азаматтарға заң талаптарын сақтау, зорлық-зомбылық пен экстремизмді насихаттамау керегін ескертті.
Жеңіс күні мерекесі жақындаған сайын Георгий лентасы туралы пікірталастар күшейе береді. Желі қолданушылары бұл рәмізді Қырымды аннексиялау кезінде ресейшіл күштер қолданғанын айтты.
Оның үстіне соңғы жылдары елімізде Георгий лентасының орнына ұлттық нақыштағы көк «Жеңіс лентасы» қолданылып келеді.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


