SATMEDIA.KZ https://satmedia.kz Tue, 03 Nov 2026 08:09:05 +0000 kk hourly 1 https://wordpress.org/?v=5.6.23 https://satmedia.kz/wp-content/uploads/2021/01/cropped-logoPWA-1-32x32.png SATMEDIA.KZ https://satmedia.kz 32 32 Түркістанда этносаралық диалогты нығайтудағы медианың рөлі талқыланды https://satmedia.kz/%d1%82%d2%af%d1%80%d0%ba%d1%96%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0-%d1%8d%d1%82%d0%bd%d0%be%d1%81%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d2%9b-%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%bb%d0%be%d0%b3%d1%82%d1%8b-%d0%bd%d1%8b/ Tue, 03 Nov 2026 08:07:00 +0000 https://satmedia.kz/?p=42687 Түркістан қаласындағы Достық үйінде «Этномедиа және әлеуметтік желілер: цифрлық ортада қоғамдық келісім мәдениетін қалыптастыру және өшпенділік тілінің алдын алу» атты семинар-тренинг өтті.

Сообщение Түркістанда этносаралық диалогты нығайтудағы медианың рөлі талқыланды появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Түркістан қаласындағы Достық үйінде «Этномедиа және әлеуметтік желілер: цифрлық ортада қоғамдық келісім мәдениетін қалыптастыру және өшпенділік тілінің алдын алу» атты семинар-тренинг өтті.

Іс-шараға «Ел жастары» ұйымының, мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының өкілдері және жастар қатысты.

Жиында әлеуметтік желілердің қоғамдық пікірді қалыптастыруға ықпал етуі мен жалған ақпараттың таралуына жол бермеу мәселелері сөз болды. Қатысушылар бейбітшілік журналистикасының негізгі қағидаттарына тоқталды.

Атап айтқанда, оқиғаны шынайы әрі бейтарап түрде баяндау, ақпараттың растығын тексеру, әртүрлі пікірді ескеру және сындарлы диалог орнату мәселелерін талқылады.

Семинар жастардың медиасауатын арттыруға, цифрлық ортадағы қарым-қатынас мәдениетін дамытуға және этнос өкілдері арасындағы түсіністікті нығайтуға бағытталды.

Дереккөз: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Сообщение Түркістанда этносаралық диалогты нығайтудағы медианың рөлі талқыланды появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
2 қараша күні дрон шабуылынан кейін Атырау–Самара бағытымен мұнай тасымалдау уақытша тоқтады https://satmedia.kz/2-%d2%9b%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%88%d0%b0-%d0%ba%d2%af%d0%bd%d1%96-%d0%b4%d1%80%d0%be%d0%bd-%d1%88%d0%b0%d0%b1%d1%83%d1%8b%d0%bb%d1%8b%d0%bd%d0%b0%d0%bd-%d0%ba%d0%b5%d0%b9%d1%96%d0%bd-%d0%b0%d1%82%d1%8b/ Tue, 03 Nov 2026 08:04:00 +0000 https://satmedia.kz/?p=42684 Ал бүгін энергетика министрлігі мұнай құбыры қайда жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.

Сообщение 2 қараша күні дрон шабуылынан кейін Атырау–Самара бағытымен мұнай тасымалдау уақытша тоқтады появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Ал бүгін энергетика министрлігі мұнай құбыры қайда жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.

2 қараша күні кешке Ресейдегі ірі мұнай айдау станциясы – “Самараға” дронмен шабуыл жасалды. Кейін нысан аумағында өрт шыққаны хабарланды.

Осы оқиғадан кейін Қазақстан мұнайын «Атырау – Самара» құбыры арқылы тасымалдау уақытша тоқтатылды.

Ал 3 қарашада министрлік техникалық тексеру аяқталғанын және мұнай тасымалы қайта жанданғанын хабарлады. Қазір құбыр штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Дереккөз: t.me/stankznews

Сообщение 2 қараша күні дрон шабуылынан кейін Атырау–Самара бағытымен мұнай тасымалдау уақытша тоқтады появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Қазақстан мен Әзербайжан Каспий арқылы жүк тасымалдаудың жаңа жүйесін іске қоспақ https://satmedia.kz/%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d2%9b%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd-%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d3%99%d0%b7%d0%b5%d1%80%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d0%b6%d0%b0%d0%bd-%d0%ba%d0%b0%d1%81%d0%bf%d0%b8%d0%b9-%d0%b0%d1%80%d2%9b%d1%8b/ Tue, 03 Nov 2026 08:02:00 +0000 https://satmedia.kz/?p=42681 Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізі арқылы вагондарды жүк түсіріп, қайта тиеусіз тасымалдауға мүмкіндік беретін «Каспий көпірі» жобасын жүзеге асырмақ. Жаңа жүйе арқылы жылына 8 млн тонна жүк тасымалдау, кейін көлемді 12 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті.

Сообщение Қазақстан мен Әзербайжан Каспий арқылы жүк тасымалдаудың жаңа жүйесін іске қоспақ появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Фото: ЖИ

Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізі арқылы вагондарды жүк түсіріп, қайта тиеусіз тасымалдауға мүмкіндік беретін «Каспий көпірі» жобасын жүзеге асырмақ. Жаңа жүйе арқылы жылына 8 млн тонна жүк тасымалдау, кейін көлемді 12 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті.

Кездесуде Транскаспий халықаралық көлік бағытын, яғни Орта дәлізді дамыту және «Каспий көпірі» жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.

📌Дереккөз: @qazaqparat_kz

Сообщение Қазақстан мен Әзербайжан Каспий арқылы жүк тасымалдаудың жаңа жүйесін іске қоспақ появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Қазақстанның ең қарт тұрғыны 116 жасында қайтыс болды https://satmedia.kz/%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d2%9b%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d0%b5%d2%a3-%d2%9b%d0%b0%d1%80%d1%82-%d1%82%d2%b1%d1%80%d2%93%d1%8b%d0%bd%d1%8b-116-%d0%b6%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0/ Tue, 03 Nov 2026 07:52:00 +0000 https://satmedia.kz/?p=42678 Ұлытау облысында Қазақстанның ең қарт тұрғыны Түймегүл Темірбаева дүниеден өтті. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.

Сообщение Қазақстанның ең қарт тұрғыны 116 жасында қайтыс болды появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Ұлытау облысында Қазақстанның ең қарт тұрғыны Түймегүл Темірбаева дүниеден өтті. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.

Ғасырдан астам ғұмыр кешкен әже 15 немере мен 25 шөбере сүйген. Ол елдегі маңызды оқиғаларға да бейжай қарамай, қоғам өмірін үнемі қадағалап отырған.

Облыс әкімдігі марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Дереккөз: 24kz

Сообщение Қазақстанның ең қарт тұрғыны 116 жасында қайтыс болды появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Қақтығыс аймақтарында соңғы екі жылда 189 журналист қаза тапты https://satmedia.kz/%d2%9b%d0%b0%d2%9b%d1%82%d1%8b%d2%93%d1%8b%d1%81-%d0%b0%d0%b9%d0%bc%d0%b0%d2%9b%d1%82%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0-%d0%ba%d0%b5%d0%b9%d1%96%d0%bd%d0%b3%d1%96-%d0%b5%d0%ba%d1%96-%d0%b6%d1%8b/ Tue, 03 Nov 2026 07:36:00 +0000 https://satmedia.kz/?p=42674 Кейінгі екі жылда қарулы қақтығыс аймақтарында қаза тапқан журналистер саны 24 пайызға артқан. Бұл туралы ЮНЕСКО хабарлады. Ұйым мәліметі бойынша 2024-2025 жылдары әлемде 189 БАҚ қызметкері көз жұмған.

Сообщение Қақтығыс аймақтарында соңғы екі жылда 189 журналист қаза тапты появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Кейінгі екі жылда қарулы қақтығыс аймақтарында қаза тапқан журналистер саны 24 пайызға артқан. Бұл туралы ЮНЕСКО хабарлады. Ұйым мәліметі бойынша 2024-2025 жылдары әлемде 189 БАҚ қызметкері көз жұмған.

Бұл – кейінгі он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Құрбандардың 40 пайызға жуығы әуе шабуылынан қаза тапқан. Журналистер арасындағы ең көп шығын Палестина аумақтарында болған. Онда 62 адам қаза тапқан. Мексикада 17, Суданда 14, Украинада 12, ал Ресейде екі журналист көз жұмды. 

ЮНЕСКО баяндамасында құрбандар санының артуынан бөлек, жан тапсырған журналистер туралы істің дені тергеусіз қалып жатқанына назар аударды. Мұндай істердің не бары 14 пайызы ғана ашылған.

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/803481-kaktygys-ajmaktarynda-kejingi-eki-zylda-189-zurnalist-kaza-tapty

Сообщение Қақтығыс аймақтарында соңғы екі жылда 189 журналист қаза тапты появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Еуропа алюминий экспортын шектейді https://satmedia.kz/%d0%b5%d1%83%d1%80%d0%be%d0%bf%d0%b0-%d0%b0%d0%bb%d1%8e%d0%bc%d0%b8%d0%bd%d0%b8%d0%b9-%d1%8d%d0%ba%d1%81%d0%bf%d0%be%d1%80%d1%82%d1%8b%d0%bd-%d1%88%d0%b5%d0%ba%d1%82%d0%b5%d0%b9%d0%b4%d1%96/ Tue, 03 Nov 2026 07:31:00 +0000 https://satmedia.kz/?p=42671 Еуроодақта алюминий қалдықтарын жинай бастады. Былтыр Кәрі Құрлық елдері сыртқа 1 миллион 260 мың тоннасын сатқан. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 51 пайызға көп.

Сообщение Еуропа алюминий экспортын шектейді появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Еуроодақта алюминий қалдықтарын жинай бастады. Былтыр Кәрі Құрлық елдері сыртқа 1 миллион 260 мың тоннасын сатқан. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 51 пайызға көп. 

Бұған кәсіпкерлер алаңдап отыр. «Өзімізге жетпей тұрғанда, сыртқа шығарудың қажеті қанша?»,- дейді олар. Ал қайта өндеушілер ішкі нарықта аса пайда болмайтынын айтады. Яғни шығынды ақтау қиын. Не істемек керек?

Алюминийді шикізат түрінде өңдегеннен гөрі сынығын балқыту тиімді. Өйткені энергияны көп қажет етпейді. Тоқты 95 пайызға дейін үнемдейді. Алайда Еуропаның ірі өндіріс орындары толық қуатта жұмыс істей алмай тұр. Ал бұған алюминий сынығының жетіспеуі себеп. Оның едәуір бөлігі Азияға жөнелтіледі.

Пол Восс, Еуропалық алюминий қауымдастығының бас директоры:

– Алюминий сынығы сыртқа кетіп жатыр. Азия елдері қымбатқа сатып алуға әзір. Себебі оларға мемлекет қолдау көрсетеді. Субсидия береді. Ал бұл Еуропада бәсекелестіктің күшеюіне әкелді. Егер тиісті шара қабылданбаса, Еуроодақтың алюминий өнеркәсібі тоқырауға ұшырауы мүмкін. Еуропалық комиссияның мәліметі бойынша, Азия елдері алюминий сынығы үшін 26 пайыз жоғары баға ұсынады. Ал Кәрі Құрлық кәсіпорындары сынық түгілі, шикізатқа да жарымай қалуы мүмкін. Өйткені Лондон биржасындағы алюминий қоры сарқылуға шақ. «Оның көлемі кейінгі 26 жылда бұлайша азайған емес», – дейді сарапшылар.

Роб Ван Гилс, Hammerer Aluminium Industries компаниясының бас директоры:

– Біз Еуропада алюминийді қайта өңдейтін жетекші саланың бірін құрдық. Сөйтіп металл сынығын шетелге жіберіп, кейін мұны қайта қымбат бағаға сатып алатын болдық. Еуропада энергия бағасы шығынымызды едәуір еселейді. Сондықтан мұндай шикізатты шетелге шығару ақылға қонбайтын жағдай.

Еуропалық алюминий қауымдастығының есебі бойынша Кәрі Құрлықта бұл металға сұраныс артпаса, кемімейді. 2040 жылға қарай 30 пайыз өседі деп топшылайды. «Демек тиісті шаралар қабылданбаса, еуропалық компаниялардың жаһандық нарықта бәсекеге түсуі қиындауы мүмкін», – дейді сарапшылар. Сондықтан келер жылы экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кірмейтін елдерге алюминий экспортын шектеуге бейіл. Нақты шешім биыл 21 қарашада қабылдануға тиіс.

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/803516-europa-aluminij-eksportyn-sektejdi

Сообщение Еуропа алюминий экспортын шектейді появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Премьер-министр фармацевтика саласындағы инвестициялық жобаларға бақылауды күшейтуді тапсырды https://satmedia.kz/%d0%bf%d1%80%d0%b5%d0%bc%d1%8c%d0%b5%d1%80-%d0%bc%d0%b8%d0%bd%d0%b8%d1%81%d1%82%d1%80-%d1%84%d0%b0%d1%80%d0%bc%d0%b0%d1%86%d0%b5%d0%b2%d1%82%d0%b8%d0%ba%d0%b0-%d1%81%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%81%d1%8b/ Tue, 03 Nov 2026 07:28:36 +0000 https://satmedia.kz/?p=42668 Барлық мемлекеттік органдар отандық фармацевтика өнеркәсібін дамытуға белсенді түрде қолдау көрсетуге тиіс - Олжас Бектенов.

Сообщение Премьер-министр фармацевтика саласындағы инвестициялық жобаларға бақылауды күшейтуді тапсырды появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Фото: Primeminister.kz

Барлық мемлекеттік органдар отандық фармацевтика өнеркәсібін дамытуға  белсенді түрде қолдау көрсетуге тиіс – Олжас Бектенов

📌Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту, жаңа өндірістерді уақтылы іске қосуды қамтамасыз ету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу тиімділігін арттыру бойынша бірқатар міндет қойды. Инвесторлардың міндеттемелерінің орындалуына, қойма инфрақұрылымын дамыту және медициналық өнімдерді орталықтандырылған сатып алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

🟦Денсаулық сақтау министрлігіне келісімдерде белгіленген мерзімдерге сәйкес инвесторлардың міндеттемелерінің орындалуына, оның ішінде инвестициялар салу, өндірістік қуаттарды іске қосу және медициналық бұйымдар мен дәрілік заттарды шығару барысына тұрақты мониторинг жүргізу тапсырылды.

🟦Өңір әкімдіктеріне Денсаулық сақтау министрлігімен бірге әрбір инвестициялық жобаға қолдау көрсетіп, жер және инфрақұрылым мәселелерін уақтылы шешуді, сондай-ақ жұмыс кестелерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету. 

🟦Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тарату үшін бірыңғай дистрибьютордың қоймаларын салу жобаларын жандандыруға қолдау көрсету тапсырылды.

Бюджет шығындарын азайту және Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тізімге сәйкес өңірлерде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде ашықтықты арттыру мақсатында әкімдіктерге олардың тек «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуын қамтамасыз ету міндеті қойылды. 

«Барлық мемлекеттік органдар отандық фармацевтика өнеркәсібін дамытуға белсенді түрде қолдау көрсетуге тиіс. Орталықтың деңгейінде шешімді талап ететін мәселелер бойынша нақты ұсыныстарды жедел енгізу қажет»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жалпы үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді.

📱Дереккөз: @KZgovernment

Сообщение Премьер-министр фармацевтика саласындағы инвестициялық жобаларға бақылауды күшейтуді тапсырды появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Жыл басынан бері заңсыз айналымнан екі мыңнан астам қару тәркіленді https://satmedia.kz/%d0%b6%d1%8b%d0%bb-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bd%d0%b0%d0%bd-%d0%b1%d0%b5%d1%80%d1%96-%d0%b7%d0%b0%d2%a3%d1%81%d1%8b%d0%b7-%d0%b0%d0%b9%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%bc%d0%bd%d0%b0%d0%bd-%d0%b5%d0%ba/ Tue, 03 Nov 2026 07:23:00 +0000 https://satmedia.kz/?p=42665 Ішкі істер министрлігі браконьерлікпен және табиғи ресурстарды заңсыз алумен күресті жалғастырып жатыр.

Сообщение Жыл басынан бері заңсыз айналымнан екі мыңнан астам қару тәркіленді появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі браконьерлікпен және табиғи ресурстарды заңсыз алумен күресті жалғастырып жатыр.

Осы жылдың тоғыз айында полиция қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзуға қатысты 119 қылмыстық істі сотқа жолдады.

Осы кезеңде заңсыз айналымнан 23 тоннадан астам балық, оның ішінде бір жарым тонна бекіре тұқымдас балық, сондай-ақ 11 келіге жуық уылдырық тәркіленді. Бұдан бөлек, 361 киік мүйізі, 29 шақырымға жуық тыйым салынған балық аулау торы және 345 аңшылық қару тәркіленді. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 13 200 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Дереккөз: Polisia.kz

Сообщение Жыл басынан бері заңсыз айналымнан екі мыңнан астам қару тәркіленді появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Мемлекет басшысына №8 және №9 жаңа кокс батереяларының құрылысы жөнінде баяндалды https://satmedia.kz/%d0%bc%d0%b5%d0%bc%d0%bb%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d1%82-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%88%d1%8b%d1%81%d1%8b%d0%bd%d0%b0-%e2%84%968-%d0%b6%d3%99%d0%bd%d0%b5-%e2%84%969-%d0%b6%d0%b0%d2%a3%d0%b0-%d0%ba%d0%be%d0%ba%d1%81/ Mon, 02 Nov 2026 11:02:00 +0000 https://satmedia.kz/?p=42659 Президентке аталған жоба Qarmet компаниясының ірі инвестициялық бастамаларының қатарына енетіні айтылды. 🔹Оның аясында жаңа кокс өндірісі қуатын жүзеге асыру қарастырылып отыр. Мұндай ауқымдағы құрылыс комбинатта соңғы бірнеше онжылдықта болмаған. м

Сообщение Мемлекет басшысына №8 және №9 жаңа кокс батереяларының құрылысы жөнінде баяндалды появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Фото: Ақорда

Президентке аталған жоба Qarmet компаниясының ірі инвестициялық бастамаларының қатарына енетіні айтылды. Оның аясында жаңа кокс өндірісі қуатын жүзеге асыру қарастырылып отыр. Мұндай ауқымдағы құрылыс комбинатта соңғы бірнеше онжылдықта болмаған.

Бас технологиялық серіктесі – ACRE Coking & Refractory Engineering Consulting Corporation компаниясы.

Екі батереяның жалпы жобалық қуаты жылына 1,5 миллион тонна құрғақ кокс өндіруге жетеді. Әр батереяда камерасының биіктігі 7,6 метр болатын 54 кокс пеші жұмыс істейді.

Жаңа агрегаттар домна пешін осында өндірілетін кокспен тұрақты түрде қамтамасыз етуге, оның сапасын ұдайы сақтауға және экологиялық қауіпсіздіктің анағұрлым жоғары деңгейде болуына мүмкіндік береді.

1960-1970 жылдары пайдалануға берілген өндіріс қуатын алмастыратын батереяларды келесі жылы іске қосу жоспарланып отыр.

Осылайша, Қазақстанда кокстеу өнімдерін терең өңдейтін алғашқы көмір химиясы кешені құрылады.

Дереккөз: t.me/aqorda_resmi

Сообщение Мемлекет басшысына №8 және №9 жаңа кокс батереяларының құрылысы жөнінде баяндалды появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты https://satmedia.kz/%d0%bc%d0%b5%d0%bc%d0%bb%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d1%82-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%88%d1%8b%d1%81%d1%8b-qarmet-%d0%ba%d0%be%d0%bd%d0%b2%d0%b5%d1%80%d1%82%d0%b5%d1%80-%d1%86%d0%b5%d1%85%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d2%a3/ Mon, 02 Nov 2026 10:59:00 +0000 https://satmedia.kz/?p=42655 Қасым-Жомарт Тоқаевқа Qarmet болат балқыту өндірісінің негізгі буыны саналатын конвертер цехы жөнінде баяндалды. 🔹Президентке домна пешінде балқытылған шойынның қалай құрышқа айналатыны, содан кейін үздіксіз құю қондырғысына және одан әрі илемдеуге жіберілетіні көрсетілді.

Сообщение Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Qarmet болат балқыту өндірісінің негізгі буыны саналатын конвертер цехы жөнінде баяндалды. Президентке домна пешінде балқытылған шойынның қалай құрышқа айналатыны, содан кейін үздіксіз құю қондырғысына және одан әрі илемдеуге жіберілетіні көрсетілді.

Фото: Ақорда

Qarmet компаниясы 2024 жылы №1 және №2 конвертерлерде күрделі жөндеу жүргізіп, корпустарды толық ауыстырды және анағұрлым заманауи конструкциялар орнатты.

Жаңғырту жұмыстары шығарылатын өнім түрлерін көбейтіп, қорытылған болат көлемін ұлғайтуға, құрал-жабдықтардың сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар цехтағы бірқатар технологиялық үдерісті табиғи газға көшіру ісі жалғасып жатыр.

Qarmet директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев Мемлекет басшысына өндірістік көрсеткіштер өсімі және инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру барысы туралы есеп берді.

2026 жылдың қорытындысы бойынша 4 миллион тонна болат, 3,6 миллион тонна көмір және 3,9 миллион тонна темір рудасы концентратын өндіру жоспарланып отыр.

Компания жұмысы басталғаннан бері инвестиция көлемі 2,7 миллиардтан аса долларды құрады. Бұл қаражат өндіріс қуатын жаңғыртуға және жаңа өнеркәсіптік нысан салуға бағытталды.

Qarmet – еліміздегі толық өндірістік циклге ие ең ірі тау-кен-металлургиялық компаниясы. Орталық Азиядағы өзінің көмір, темір рудасы кеніштері және энергетикалық базасы бар, интеграцияланған тау-кен-металлургиялық кешен. Компанияда шамамен 35 мың еңбеккер, соның ішінде 14 мыңнан астам адам Теміртаудағы металлургия комбинатында жұмыс істейді.

Дереккөз: t.me/aqorda_resmi

Сообщение Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты появились сначала на SATMEDIA.KZ.

]]>