
Ұлытау облысында Қазақстанның ең қарт тұрғыны Түймегүл Темірбаева дүниеден өтті. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.
Ғасырдан астам ғұмыр кешкен әже 15 немере мен 25 шөбере сүйген. Ол елдегі маңызды оқиғаларға да бейжай қарамай, қоғам өмірін үнемі қадағалап отырған.
Облыс әкімдігі марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Дереккөз: 24kz


