Еуропа алюминий экспортын шектейді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Еуроодақта алюминий қалдықтарын жинай бастады. Былтыр Кәрі Құрлық елдері сыртқа 1 миллион 260 мың тоннасын сатқан. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 51 пайызға көп. 

Бұған кәсіпкерлер алаңдап отыр. «Өзімізге жетпей тұрғанда, сыртқа шығарудың қажеті қанша?»,- дейді олар. Ал қайта өндеушілер ішкі нарықта аса пайда болмайтынын айтады. Яғни шығынды ақтау қиын. Не істемек керек?

Алюминийді шикізат түрінде өңдегеннен гөрі сынығын балқыту тиімді. Өйткені энергияны көп қажет етпейді. Тоқты 95 пайызға дейін үнемдейді. Алайда Еуропаның ірі өндіріс орындары толық қуатта жұмыс істей алмай тұр. Ал бұған алюминий сынығының жетіспеуі себеп. Оның едәуір бөлігі Азияға жөнелтіледі.

Пол Восс, Еуропалық алюминий қауымдастығының бас директоры:

– Алюминий сынығы сыртқа кетіп жатыр. Азия елдері қымбатқа сатып алуға әзір. Себебі оларға мемлекет қолдау көрсетеді. Субсидия береді. Ал бұл Еуропада бәсекелестіктің күшеюіне әкелді. Егер тиісті шара қабылданбаса, Еуроодақтың алюминий өнеркәсібі тоқырауға ұшырауы мүмкін. Еуропалық комиссияның мәліметі бойынша, Азия елдері алюминий сынығы үшін 26 пайыз жоғары баға ұсынады. Ал Кәрі Құрлық кәсіпорындары сынық түгілі, шикізатқа да жарымай қалуы мүмкін. Өйткені Лондон биржасындағы алюминий қоры сарқылуға шақ. «Оның көлемі кейінгі 26 жылда бұлайша азайған емес», – дейді сарапшылар.

Роб Ван Гилс, Hammerer Aluminium Industries компаниясының бас директоры:

– Біз Еуропада алюминийді қайта өңдейтін жетекші саланың бірін құрдық. Сөйтіп металл сынығын шетелге жіберіп, кейін мұны қайта қымбат бағаға сатып алатын болдық. Еуропада энергия бағасы шығынымызды едәуір еселейді. Сондықтан мұндай шикізатты шетелге шығару ақылға қонбайтын жағдай.

Еуропалық алюминий қауымдастығының есебі бойынша Кәрі Құрлықта бұл металға сұраныс артпаса, кемімейді. 2040 жылға қарай 30 пайыз өседі деп топшылайды. «Демек тиісті шаралар қабылданбаса, еуропалық компаниялардың жаһандық нарықта бәсекеге түсуі қиындауы мүмкін», – дейді сарапшылар. Сондықтан келер жылы экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кірмейтін елдерге алюминий экспортын шектеуге бейіл. Нақты шешім биыл 21 қарашада қабылдануға тиіс.

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/803516-europa-aluminij-eksportyn-sektejdi

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар