Қақтығыс аймақтарында соңғы екі жылда 189 журналист қаза тапты

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Кейінгі екі жылда қарулы қақтығыс аймақтарында қаза тапқан журналистер саны 24 пайызға артқан. Бұл туралы ЮНЕСКО хабарлады. Ұйым мәліметі бойынша 2024-2025 жылдары әлемде 189 БАҚ қызметкері көз жұмған.

Бұл – кейінгі он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Құрбандардың 40 пайызға жуығы әуе шабуылынан қаза тапқан. Журналистер арасындағы ең көп шығын Палестина аумақтарында болған. Онда 62 адам қаза тапқан. Мексикада 17, Суданда 14, Украинада 12, ал Ресейде екі журналист көз жұмды. 

ЮНЕСКО баяндамасында құрбандар санының артуынан бөлек, жан тапсырған журналистер туралы істің дені тергеусіз қалып жатқанына назар аударды. Мұндай істердің не бары 14 пайызы ғана ашылған.

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/803481-kaktygys-ajmaktarynda-kejingi-eki-zylda-189-zurnalist-kaza-tapty

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар