2 қараша күні дрон шабуылынан кейін Атырау–Самара бағытымен мұнай тасымалдау уақытша тоқтады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Ал бүгін энергетика министрлігі мұнай құбыры қайда жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.

2 қараша күні кешке Ресейдегі ірі мұнай айдау станциясы – “Самараға” дронмен шабуыл жасалды. Кейін нысан аумағында өрт шыққаны хабарланды.

Осы оқиғадан кейін Қазақстан мұнайын «Атырау – Самара» құбыры арқылы тасымалдау уақытша тоқтатылды.

Ал 3 қарашада министрлік техникалық тексеру аяқталғанын және мұнай тасымалы қайта жанданғанын хабарлады. Қазір құбыр штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар