Ұлы жеңіс – ұрпаққа аманат

Сарыағаш ауданына қарасты Тегісшіл ауылдық округі, Таскескен елді мекенінде «Ұлы жеңіс – ұрпаққа өнеге, елге мұра» тақырыбында тағылымы мол жиын өтті. Іс-шара аясында ауыл тұрғындары, батагөй қариялар, жастар мен зиялы қауым өкілдері қатысып, ел үшін жанын қиған батырлардың рухына тағзым етіп, монумент алдына гүл шоқтарын қойды. Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтардың ерлігін жас ұрпаққа насихаттауды мақсат еткен басқосу жайлы толығырақ алдағы сюжетте.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САПАСЫНА TELEGRAM БОТ АРҚЫЛЫ ШАҒЫМ ЖОЛДАУҒА БОЛАДЫ

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау — мемлекеттің басты басымдықтарының бірі. Осы бағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттері мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарайды.

ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРГЕ — МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ЖОЛ АШЫҚ!

Бүгінде мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғыртуда жастардың рөлі ерекше. Заманауи білім мен тың көзқарасқа ие жас мамандар — ел дамуының маңызды қозғаушы күші. Сондықтан мемлекет тарапынан жастарды мемлекеттік қызметке тартуға ерекше көңіл бөлінуде.

Ерлікке тағзым – ұрпаққа үлгі

Қос мерекеге орай «Аялы алақан» және «Қамқор» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұйымдастыруымен, сондай-ақ Сарыағаш аудандық және қалалық ардагерлер кеңесі төрағаларының қатысуымен тағылымы мол мерекелік іс-шара өтті. Ел қорғаушыларын ұлықтап, патриоттық рухты дәріптеген жиынның басты мақсаты – әскери қызметтің маңызын насихаттап, жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру. Мазмұнды басқосуда ардагерлер мен қонақтар ел тыныштығы жолындағы азаматтардың еңбегін ерекше атап өтті. Шара туралы толығырақ алдағы бейнематериалда.

Білімді жастар – ел болашағы

Мектепті үздік оқып, ата-анасы мен ұстаздарының қуанышы болған оқушылардың еңбегін дәріптеу мақсатында №3 Михаил Ломоносов атындағы жалпы білім беретін мектебінде ата-аналардың қатысуымен «Дарындылар шеруі» кең көлемде ұйымдастырылды. Білім мен тәрбиені қатар ұштастырған тағылымды жиында түрлі білім бәйгелері мен олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсеткен жас білімділердің жетістіктері көпке таныстырылды.

Гаражын есірткі қоймасына айналдырған

Мамыр айының басында Семей қаласында кешендi жедел-іздестіру мен арнайы іс-шаралар нәтижесінде елдің оңтүстік өңірлерінен жеткізілген каннабис тобына жататын есірткінің арнасы жойылды.

Қазақстан Израильмен инновациялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстанның Израильдегі Елшісі Дәулет Ембердиев Израильдің оңтүстігіне сапары аясында Эйлат қаласы мен бүкіл өңірдегі бірқатар озық, инновациялық және инфрақұрылымдық компаниялардың өкілдерімен кездесті.

Кувейт Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция салуға қызығушылық білдірді

Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Кувейт Ұлттық банкі (National Bank of Kuwait – NBK) тобының Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары және Басқарма төрағасы Исам Әл-Сагермен кездесу өткізді.

Парламент «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Парламент палаталарының заң жобасы бойынша бірлескен комиссиясының құрамына Мәжілістен депутаттар Жанарбек Әшімжанов, Серік Ерубаев, Павел Казанцев және Үнзила Шапақ, ал Сенаттан Бибігүл Жексенбай, Сергей Карплюк, Марат Қожаев, Андрей Лукин кірді. Комиссия төрайымы болып Үнзила Шапақ сайланды.