АСТАНАДА ДЗЮДОДАН QAZAQSTAN BARYSY GRAND SLAM 2026 БАСТАЛДЫ

Бүгін елорда төрінде дзюдодан әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 турнирі өтуде. 8–10 мамыр күндері аралығында өтетін байрақты бәсеке биыл Қазақстанда төртінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін додаға әлемнің үздік дзюдошылары қатысуда.

Көпір құлап, 8 адам зардап шекті

Оқиға Өскеменде болған. Карбышев көшесіндегі аспалы жаяу жүргіншілер көпірі құлап, сегіз адам зардап шекті. Олардың төртеуі – жасөспірім.

Пара берген қазақстандық Грузиядан экстрадицияланды

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық Орталық бюросының қызметкерлері, Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің қолдауымен аталған елден пара бергені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға Қазақстан азаматын экстрадициялады.

Нұрай Серікбай ісі: Ішкі істер министрлігі күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

“Қазір жәбірленуші тарап Нұрайды күдіктінің үйіне алып қашып келген кезде сол маңда болған адамдардың қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеруді сұрап отыр. Бұдан бөлек те бірқатар жайт бар. Біз олардың бәрін толық тексеріп жатырмыз”, – деді Вице-министр Санжар Әділов.

Айбын жиыны – жігерлі жастар алаңы

Сарыағаш ауданына қарасты Жібек жолы ауылдық округінде №20 Амангелді атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Егемен ел ертеңі – жас сарбаз» аясында «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны болып өтті. Отанға деген сүйіспеншілікті арттырған алаңда мектеп оқушылары алғашқы әскери дайындық кезеңдері мен саптық жүріс бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Жас қырандардың бойына отансүйгіштік рухты қалыптастыруды көздеген басқосу жайлы алдағы тілші сюжетінде.