Қоспаевтан тәркіленген Rolls-Royce 26,7 миллион теңгеге сатылды

Turan LTD ЖК есебіне сәйкес, көлік 62,6 миллион теңгеге бағаланған. Десе де ол нарықтық құнынан 35,8 миллион теңге төмен бағада сатылды. Rolls-Royce Ghost Family – 2013 жылы шығарылған.
Сарыағашта жаңа кинотеатр ашылуы өтті

Саялы Сарыағаш өңірінде ел игілігі жолындағы ауқымды жобалар жүзеге асып, аудан келбеті күн өткен сайын жаңаруда. Инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстардың нәтижесінде тұрғындар үшін тағы бір заманауи үлгідегі KINOLAND кинотеатры ашылды. Мұндай жаңа бастама ауданның дамуына оң серпін беріп, тұрғындардың демалысын тиімді ұйымдастыруға мол мүмкіндік ашуда.
Білікті маман – сапалы қызмет кепілі

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2026-2027 оқу жылына арналған магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша қабылдау науқанын бастады. Осыған орай Академияның Түркістан облыстық филиалының директоры Арайлым Қайратқызы Келес ауданындағы мекеме мамандарымен кездесіп, білім бағдарламаларына қабылдану талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ұялы телефондарды тексеру мемлекет бақылауына беріледі

Мақұлданған заң жобасы абоненттік құрылғыларды верификациялауға мемлекеттік монополияны бекітеді, сондай-ақ ұялы телефондар нарығын «тазарту» шараларын енгізеді. Верификацияға қатысты функцияны Мемлекеттік радиожиілік қызметінің қарамағына беру ұсынылады.
Шымкентте полиция алаяқтардың құрбаны болған тұрғынға 1,7 млн теңгесін қайтарды

Шымкент қаласының тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп қалған. Алдымен оған өзін “Қазпошта” қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адам хабарласып, деректерді растау сылтауымен SMS-кодты айтуға көндірген.
Терроризмге күдікті төрт қазақстандық елге жеткізілді

ҰҚК мәліметінше, 7 және 12 мамыр күндері арнайы жасақтың сүйемелдеуімен Қазақстанның төрт азаматы елге жеткізілген. Олар террористік қылмыстар жасады деген күдікке ілінген.
Қазақстандық оқушылар Грекияда өткен халықаралық робототехника чемпионатында жүлдегер атанды

Түркістан облысы Қазығұрт ауылының Qazygurt командасы Грекияда өткен Open International Championship 2026 халықаралық робототехника чемпионатында жүлделі орынға ие болды. Жарысқа 56 елдің жас инженерлері қатысты.
Президент «ҚР орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

Жарлықтың негізгі мақсаты – жасанды интеллект жедел дамып келе жатқан кезеңде Қазақстан Республикасының өркендеуін қамтамасыз етіп, адами капиталды ілгерілетуге үлес қосатын заманауи, инновациялық білім беру жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау.
Жылыжай өнімінің маңызы артты

Отандық ауыл шаруашылық саласының дамуына серпін беріп, сапалы өнім көлемін арттыру мақсатында Сарыағаш ауданына қарасты Жартытөбе ауылдық округінде орналасқан жылыжай кешенінде 40 түрлі қызанақ сұрыпы өсірілуде. Шетелдерден арнайы ғалымдар қатысқан тәжірибе барысында еліміздің климаттық ерекшеліктеріне бейім әрі өнімділігі жоғары түрлерін іріктеу ғылыми жұмыстарын жүргізді. Толығырақ, алдағы бейнематериалда.
«Дарынды жұлдыздар»

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде №4 «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының «Дарын жұлдыздары-2026» есеп беру кеші жоғары деңгейде өтті. Білім мен өнерде үздік нәтиже көрсеткен 150-ге жуық шәкірт пен олардың ата-аналары арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Үздік нәтижелі оқу жылы жайлы толығырақ алдағы бейнематериалда.