Мектепті үздік оқып, ата-анасы мен ұстаздарының қуанышы болған оқушылардың еңбегін дәріптеу мақсатында №3 Михаил Ломоносов атындағы жалпы білім беретін мектебінде ата-аналардың қатысуымен «Дарындылар шеруі» кең көлемде ұйымдастырылды. Білім мен тәрбиені қатар ұштастырған тағылымды жиында түрлі білім бәйгелері мен олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсеткен жас білімділердің жетістіктері көпке таныстырылды.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Нұрболат Еркін





