МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САПАСЫНА TELEGRAM БОТ АРҚЫЛЫ ШАҒЫМ ЖОЛДАУҒА БОЛАДЫ

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау — мемлекеттің басты басымдықтарының бірі. Осы бағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттері мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарайды.


Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және халықпен жедел кері байланыс орнату мақсатында «EgovKzBot2.0» Telegram боты іске қосылған.

  • Боттың негізгі мүмкіндіктері: ХҚКО-ға кезекті брондау
  • 1414 операторымен байланысу
  • Уәкілетті органға өтініш жолдау
  • Әлеуметтік-еңбек саласы бойынша кеңес алу
  • Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
  • МӘМС бойынша мәлімет алу
  • Egov mobile жүктеу
  • Әкімшілік айыппұлдарды тексеру
  • Жақын маңдағы ХҚКО-ны анықтау
  • Ашық үкіметке ұсыныс жолдау
  • Баптаулар мен қосымша ақпараттар

Егер мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты ұсыныс-пікіріңіз немесе шағымыңыз болса, Telegram мессенджері арқылы «EgovKzBot2.0» ботына кіріп, өтінішіңізді толық жолдай аласыз.

Жолданған өтініштер бойынша 3 жұмыс күні ішінде тиісті жауап ұсынылады.
Сонымен қатар, халықпен кері байланысты күшейту мақсатында «Sapaly qyzmet» Telegram боты мен «Сенім телефоны» арқылы да жедел ақпарат пен түсіндірме беріледі.

📊 2026 жылдың І тоқсанында бот платформасы арқылы 20 азаматқа қажетті түсіндірмелер ұсынылған.
Мемлекеттік қызмет сапасын бірге арттырайық!

Ержан Нағызханұлы Қарымсақов,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар