Бордақылау алаңдарын жеңілдікпен қаржыландыруға өтінімдер қабылдау басталды

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Агробизнес» ауқымды бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын «Бордақылау алаңдарын қаржыландыру» шағын бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауды бастады. Аталған бастама 2025 жылдан бері іске асырылып келеді және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Қазақстан мен Ұлыбритания сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыровтың Ұлыбританияның Шығыс Еуропа және Орталық Азия жөніндегі сауда комиссары Дэвид Ридпен кездесуі өтті.

Қазақстан мен Люксембург технологиялар, авиация және логистика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Люксембург Ұлы Герцогтігіне жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Бельгия және Люксембургтегі Елшісі Роман Василенко цифрлық технологиялар, авиациялық логистика және инновациялар салаларындағы жетекші люксембургтік және халықаралық компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.

ІІМ 2012 жылы болған жасөспірім өлімін ашты

Қызылорда облысында полиция қызметкерлері 14 жыл бұрын болған кісі өлтіру қылмысын ашты. Қайғылы оқиға 2012 жылдың қазан айында Қармақшы ауданының Жосалы кентінде болған. Топтық төбелес кезінде жасөспірім пышақ жарақатын алған.