Шымкентте полиция алаяқтардың құрбаны болған тұрғынға 1,7 млн теңгесін қайтарды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Шымкент қаласының тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп қалған. Алдымен оған өзін “Қазпошта” қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адам хабарласып, деректерді растау сылтауымен SMS-кодты айтуға көндірген.

Арада біраз уақыт өткен соң екінші қоңырау түсіп, тағы бір белгісіз адам өзін банк қызметкері ретінде таныстырған. Ол бұған дейін хабарласқандардың алаяқ екенін айтып, есепшоттағы ақшаны «қауіпсіз сақтау» үшін қаражатты басқа есепшотқа аудару қажет екеніне сендірген.

Азамат банкомат арқылы ақшасын шешіп алып, көрсетілген есепшотқа 1,7 млн теңге аударған. Кейін алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген.

Полицейлер жедел әрекет етіп, ақша аударылған есепшоттарды анықтап, транзакцияларды уақытылы бұғаттады. Нәтижесінде қаражат толықтай жәбірленушіге қайтарылды.

Полиция ескертеді:

  • Белгісіз нөмірлерден түскен қоңырауларға сенбеңіздер;
  • SMS-кодтарды ешкімге айтпаңыздар;
  • жеке деректер мен банк картасының мәліметтерін бөгде адамдарға бермеңіздер.

Дереккөз: POLISIA.KZ

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар