
ҰҚК мәліметінше, 7 және 12 мамыр күндері арнайы жасақтың сүйемелдеуімен Қазақстанның төрт азаматы елге жеткізілген. Олар террористік қылмыстар жасады деген күдікке ілінген.

Ведомствоның хабарлауынша, күдіктілер ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген және ҰҚК-нің іздестіру мәліметтері негізінде ұсталған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: 24kz


