Алтын арзандай бастады

Әлемдік нарықта алтын күрт арзандады. Чикаго тауар биржасында бағалы металдың маусым айындағы фьючерсі 2,3 пайызға төмендеп, бір унциясы 4 мың төрт жүз долларға түскен.
Джефф Безостың зымыраны жарылып кетті

Флоридадағы ғарыш айлағында жер үсті сынақтары кезінде миллиардер Джефф Безостың Blue Origin компаниясына тиесілі New Glenn зымыран тасығышы ұшу алаңында жарылып кетті.
Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысына $16,4 млрд бөлінеді: жобаны Ресей қаржыландырады

Қазақстандағы алғашқы «Балқаш» атом электр станциясының құрылысына 16,4 млрд доллар жұмсалады. Жобаның негізгі бөлігі Ресейдің экспорттық несиесі есебінен қаржыландырылады.Бұл туралы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
БҰҰ штаб-пәтерінде жаһандық басқару мәселелері жөніндегі достар тобының отырысы өтті

Өз сөзінде Е.Ашықбаев Қазақстанның көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға, БҰҰ-ның орталық рөлін қолдауға және неғұрлым әділетті, инклюзивті әрі теңгерімді жаһандық басқару жүйесін ілгерілетуге бейілділігін растады. Цифрлық алшақтықты қысқарту, жаңа технологияларға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Cargolux Қазақстанға рейстерін қайта бастайды

Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко Cargolux Airlines International S.A. компаниясының Президенті Ричард Форсонмен кездесті.
Қазақстан Шаңхайда туристік әлеуетін таныстырды

Шаңхай қаласында ITB China 2026 халықаралық туристік көрмесі өтті. Аталған көрмеде Қазақстан Республикасының екі басты қаласы – Астана мен Алматы таныстырылды. Қазақстан павильоны ITB көрмесінің орталық бөлігінде орналасып, оған Қазақстанның 17 туроператоры, сондай-ақ Air Astana және Fly Arystan әуе компаниялары қатысты.
«Бар мейіріміміз балаларға»

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау мақсатында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылып келеді. Осыған орай, Келес ауданындағы «Даму» оңалту орталығында «Бар мейіріміміз – балаларға» атты тағылымды іс-шара өтті. Мерекелік кешке аудандық жұмыспен қамту орталығының бөлім мамандары, «Асыл қазына» және «Тең қоғам» мекемелерінің ақ жаулықты әжелері қатысып, балаларға ақ тілектерін арнады. Шара барысында бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын ойын-сауық бағдарламалар ұйымдастырылып, ерекше қамқорлық пен мейірім көрсетілді.
Қазақстан мен Таиланд іскерлік серіктестікті нығайтуда

Бангкок қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, іскерлік қауымдастықтары мен бизнес өкілдерінің қатысуымен Қазақстан–Таиланд бизнес-форумы өтті.
Ұлы даладан «Kazakh-boo»-ға дейін: Брюссельде Еуропаның Қазақстанға деген қызығушылығы талқыланды

Еуропа астанасының қақ ортасында тігілген қазақтың дәстүрлі киіз үйі бір кешке заманауи Қазақстан туралы сыр шертілетін ерекше мәдени алаңға айналды. Мұнда «Стереотипсіз Жібек жолы: Қазақстанға саяхаттың шынайы әсерлері» атты Shanyraq Dialogues пікірталас алаңының екінші кездесуі өтті.
Қазақстандықтарға мобильді ақша аударымдарына қатысты есеп беру үшін 30 күн берілді

30 күн ішінде қазақстандықтар салық декларациясын тапсыра алады немесе түсініктемелер бере алады. Салық органдары мобильді аударымдарды қарап, қайсысы үш негізгі критерийге сәйкес келетінін анықтап жатыр.