Рухани әсер сыйлаған спектакль

Әшірәлі Кенжеев атындағы мәдениет үйінде қазақ театрының 100 жылдығы мен Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Муза» атты тағылымды спектакль қойылды. Қойылымда ақынның ішкі жан дүниесі, өнер мен өмірдің байланысы көрініс тапты. Көрермендерге ерекше әсер сыйлаған кеш жайында толығырақ алдағы бейнематериалда.

Измир – Алматы бағытында тікелей рейстер ашылмақ

Қазақстан Республикасының Измирдегі Бас консулдығының SunExpress авиакомпаниясымен келіссөздерінің қорытындысы бойынша 2026 жылғы 31 шілдеден бастап Измир – Алматы – Измир бағыты бойынша тікелей рейстер іске қосылады. Рейстер аптасына екі рет 2026 жылдың қазан айының соңына дейін орындалады. Жаңа бағыт Қазақстан азаматтары, студенттер, туристер және бизнес өкілдері үшін сапарларды едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді. Дереккөз: ҚР СІМ […]

Кувейт қазақстандық агроөнімдерді жеткізудің өңірлік хабына айналуы мүмкін

Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Кувейт Мемлекетінің Тікелей инвестицияларды тарту жөніндегі агенттігінің (Kuwait Direct Investment Promotion Authority – KDIPA) Бас директоры шейх Мишааль Джабер Әл-Ахмад Ас-Сабахпен кездесу өткізді.

Парижде Еуропадағы отандастар мен қандастар басқосты

Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде Еуропа елдерінде тұратын отандастар мен қандастардың басқосуы салтанатты түрде ашылды. Іс-шара Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен, «Отандастар қоры» КеАҚ мен Қазақ-француз-түрік қауымдастығының (AKFT) бірлескен ұйымдастыруымен өткізілді.

Пан Ги Мун Қазақстанның климаттық күн тәртібін ілгерілетудегі белсенді рөлін атап өтті

Глобалды жасыл өсу институты мен Жасыл климат қорының «Амбициялық жаһандық климаттық іс-қимыл жолындағы әріптестік» тақырыбындағы бірлескен конференциясы (GGGI–GCF Joint Conference: Partnering for Ambitious Global Climate Action) аясында Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы, Глобалды жасыл өсу институты Ассамблеясының Президенті және Кеңесінің Төрағасы Пан Ги Мунмен кездесті.