Қазақстанның Иранға агроөнеркәсіп өнімдері экспорты 97%-ға артты

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Иран Ислам Республикасының Өнеркәсіп, кен өндіру және сауда министрі Сейед Мохаммад Атабакпен кездесті. Тараптар агроөнеркәсіптік кешен саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, өзара сауда және инвестициялық әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады.

Егіс жұмыстарын ерте қаржыландыруға 4800-ден астам фермер қол жеткізді

Қазақстанда 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының егіс науқанын уақтылы әрі сапалы өткізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 қазанда басталды.

Мемлекеттік қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді

Әрбір азамат өмірге келген сәттен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен үздіксіз байланыста болады. Баланың тууын тіркеу, білім алу, жер телімін рәсімдеу, әлеуметтік көмекке жүгіну, денсаулық сақтау саласындағы қызметтер-мұның барлығы азамат пен мемлекеттің күнделікті өзара әрекеттесуінің нақты көрінісі. Сондықтан мемлекеттік қызметтердің сапасы қоғам мен мемлекет арасындағы сенім деңгейін айқындайтын негізгі өлшемдердің бірі болып табылады.

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті. Мемлекет басшысы бүгінгі күннің символикалық мәніне назар аударды. Дәл осы күні, яғни, 2014 жылы 29 мамырда Қазақстан елордасында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылған болатын.

Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко және Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян Тәуелсіздік сарайына келді.