Президент: «Alatau city жобасына зор үміт артып отырмыз»

«Өздеріңіз де білесіздер, жаңа қала салу туралы шешім экономикамызда күрделі жағдай болған кезде қабылданды. Бірақ біз бұл мәселеге байыппен қарадық. Асығыстыққа жол берген жоқпыз. Alatau city жобасы – шын мәнінде, жан-жақты зерделенді, пысықталды деп айтуға болады.

«Бақытты балалық шақ»

Халықаралық балаларды қорғау күні – бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын жай күн ғана емес, олардың құқықтарын қорғауға, қауіпсіз әрі бақытты орта қалыптастыруға үндейтін маңызды сәт. Осы атаулы мерекеге орай, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев өскелең ұрпақты мерекемен құттықтап, қала көлемінде ұйымдастырылған бірқатар іс-шараларға қатысты. Балаларға шаттық сыйлаған мерекелік жиын туралы толығырақ алдағы бейнематериалда.

Ерекше балаларға – ерекше қамқорлық

Ерекше балалар – қоғамымыздың ажырамас бөлігі. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, аудандағы ерекше балаларға арнап қайырымдылық дастарханы жайылды. Кешке арнайы қатысқан аудан әкімі Арман Айдарұлы мерекемен құттықтап, балаларға сыйлықтарын табыстады. Күлкі мен шаттыққа толы ерекше кездесу жайлы толығырақ алдағы сюжетте.

«Балалығым – балдәуренім»

Келес ауданындағы орталық саябақта аудан әкімдігі және білім бөлімінің ұйымдастыруымен 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс шара өтті. Жиналған жұрт концерт тамашалап, балалар тегін атракциондарда көңіл көтерді. Абай ауылында өткен мерекелік шара жайын әріптесім әспеттесін.

Мьянмада жарылыс болып, 46 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға Мьянманың солтүстік-шығысындағы Каунгтуп ауылында (Намхкам округі) болған. Құтқарушылардың мәліметінше, жарылыс болған ғимаратта тау-кен өндіруші компанияның жарылғыш заттары сақталған.

Береке мен бірлік – аудан дамуының кепілі

Келес ауданында қоғамдық қауіпсіздікті күшейту шаралары жалғасып келуде. Осы орайда, Келес ауданының прокуратурасы «Айқын нәтиже» және «Қауіпсіз балалық шақ» жобаларын іске асыру аясында қолдау білдірген бірнеше аудан кәсіпкерлеріне арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыстады. Атап айтар болсақ, бастама аясында Абай ауылындағы 24 кәсіпкердің қолдауымен 7 млн теңге көлемінде қаражат жиналып, аудан аумағындағы жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылды. Құрмет көрсетілген жиын жайлы толығырақ алдағы бейнематериалда.