
Мұны министрліктің өзі хабарлады. Олардың мәліметінше, барлық даулы мәселе талқыланып, өзара келісімнен соң келісімшарт ресми түрде бекітілді.
Енді келісімшарт аясындағы барлық төлем толық көлемде жүзеге асырылады. Ал 5 маусым күні Михаил Шайдоров жаңа маусымға дайындалу үшін АҚШ-қа аттанады.
Жақында ол министрлік өкілдерімен кездесіп, алдағы жоспары мен Қазақстандағы мәнерлеп сырғанауды дамыту мәселелерін талқылайды екен.
Дереккөз: t.me/stankznews


