
Қайғылы оқиға Мьянманың солтүстік-шығысындағы Каунгтуп ауылында (Намхкам округі) болған. Құтқарушылардың мәліметінше, жарылыс болған ғимаратта тау-кен өндіруші компанияның жарылғыш заттары сақталған.
Жарылыс салдарынан 46 адам қаза тауып, 70-тен астамы зардап шеккен. Мерт болғандардың арасында балалар да бар. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Ал жарылыс орнына жақын маңдағы ондаған тұрғын үй зақымданған. Ауқымды апатқа гелигнит жарылуы себеп болуы мүмкін.
Дереккөз: t.me/stankznews


