Тұрғындармен тікелей байланыс – тиімді шешім кепілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен тұрақты кездесулер өткізуі туралы Жарлығы — билік пен бұқара арасындағы ашықтықты, сенімді және есептілікті арттыруға бағытталған маңызды қадам. Осы бастама аясында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Қошқарата ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп түйіткілді мәселелерді шешу жолдарын қарастырды. Толығырақ, алдағы бейнематериалда.

«Xinfa Group» Қазақстанға қызығушылық танытуда

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов және «Xinfa Group» Басқарма төрағасының орынбасары Чжао Тинъюньмен кездесу өтті.

Қытайда жаздың алғашқы күні қар жауды

Ерекше табиғи құбылыс Ішкі Моңғолия аймағында тіркелді. Ақ ұлпа Алуншань, Мангуй, Цзиньхэ уездерін басып қалған. Мезгілсіз жауған қар жергілікті тұрғындарды әбден әбігерге салды.

«Несием бар, сонда да жетеді»

Еңбек министрі Асқарбек Ертаев қанша жалақы алатынын айтты. Оның ай сайын алатын жалақысы шамамен 1,2 миллион теңге екен. Министр бұл қаражат отбасының қажетін қамтамасыз етуге жетеді дейді.