Қарттар үйінде өрт шығып, 12 адам ажал құшты

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Шри-Ланканың батыс бөлігіндегі Ангуруватота қаласында орналасқан қарттар үйінде шыққан өрт салдарынан кемінде 12 адам қаза тауып, тағы 8 адам жарақат алды. Қайғылы оқиға 3 маусым күні түнде болған.

Полицияның мәліметінше, өрт кезінде ғимаратта 71 адам болған. Құтқарушылар мен жергілікті тұрғындардың көмегімен 51 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілген. Қарттар үйінде егде жастағы адамдармен қатар психикалық аурулары бар тұрғындар да болған.  

Тергеу барысында бұл мекеменің ресми тіркеуден өтпегені анықталды. Сондай-ақ ғимараттың сыйымдылығы небәрі 15 адамға есептелгенімен, онда 71 адам тұрғаны белгілі болды. Бұған дейін мемлекеттік органдар мекеме басшылығына бірнеше рет ескерту жасаған.  

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт матрастар сақталған қойма бөлмесінен басталған болуы мүмкін. Алайда тілсіз жаудың нақты шығу себебі әлі анықталған жоқ.  

Оқиғадан кейін қарттар үйінің директоры немқұрайлылық салдарынан адам өліміне жол берді деген күдікпен ұсталды. Сот оны тергеу аяқталғанға дейін қамауда ұстау туралы шешім шығарды. 

Дереккөз: ult.kz 

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp