Отбасы банк ипотекасын қымбаттатты

4 маусымнан бастап банк аралық қарыздар бойынша несие беру шарттарын өзгертеді. Енді бұрынғы бірнеше мөлшерлеменің орнына бірыңғай 8,5% жылдық мөлшерлеме енгізіледі. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 9-9,6% аралығында болады. 8,5% мөлшерлеме мына бағыттарға қолданылады.
Үш ауысымды мектептерді жоюдан бастап жеке ваучерлерге дейін

Сонымен қатар қолданыстағы мектеп инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр: алдағы үш жыл ішінде 1,3 мың мектепті жаңарту көзделген, оның 820-сы ауылдық елді мекендерде орналасқан.
Президент: «Қастерлі рәміздеріміз – ұлт құндылықтарының жарқын символы»

«Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – қасиетті Отанымыз – Қазақ елінің әрбір азаматы үшін маңызы ерекше мереке. Біз осы күні байрағымызды биікке көтереміз. Сол арқылы еңселі, егемен ел екенімізді күллі әлемге паш етеміз.
Созақ сапары

Сарыағаш ауданы Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен еңбек ардагерлеріне арналған «Туған жеріңді таны» бағдарламасының кезекті сапары өткізілді. Саяхат барысында ақсақалдар Созақ ауданындағы қасиетті мекендерге барып, зиярат жасады. Толығырақ, алдағы материалда.
Мемлекеттік рәміздерге құрмет

Елімізде 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні саялы Сарыағаш ауданындағы «Ана мен бала» аллеясында жоғары деңгейде өтті. Бұл күн 1992 жылы еліміздің жаңа Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны алғаш рет бекітілген тарихи сәттің құрметіне арналған. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Рухани жиын жайлы толығырақ алдағы бейнематериалда.
Мемлекет басшысы Кипр Президенті Никос Христодулидисті І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис жүргізген келіссөздер қорытындысы бойынша мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегациялар мүшелері келесі ведомствоаралық құжаттармен алмасты.
Күні кеше Тоқаев елді «штрафстан» деп атайтындарды сынға алды

Ал бүгін дәл осы сөздің авторы депутат Азат Перуашов бұған дейін айтқан «штрафстан» деген сөзінен бас тартты. Депутат Қазақстанды «Штрафстан» деп атау дұрыс емес екенін мойындапты.
АҚШ Иран ұшырған дрон мен ракеталарды атып түсірді

Иран Парсы шығанағындағы кемелерге және көрші араб елдерінің аумағына дрондар мен баллистикалық зымырандар ұшырды. Алайда АҚШ оларды атып түсірді. Оған қоса «өзін-өзі қорғау» мақсатында Иран аумағына соққы жасады.
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов экс-орынбасары сотталған соң отставкаға өтініш берді

Оның бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омар. Жақында ол алаяқтық және пара алу факісі бойынша кінәлі деп танылды. Осылайша ол 6 жылға сотталды.
Қазақстан және Кипр президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Никос Христодулидис:
– Сіздің еліңізге Кипрден тікелей қатынайтын алғашқы рейс арқылы іскерлік делегация өкілдерімен бірге ұшып келгеніме өте қуаныштымын. Елдеріміздің әлеуеті мол. Бүгінгі келіссөздер өзара ынтымақтастықты арттыруға септігін тигізеді деп санаймын. Сондай-ақ Қазақстанға басқа лауазымда келіп отырмын. Қазіргі уақытта еліміз Еуропа Одағы Кеңесіне төрағалық етіп жатыр. Аталған өңірдің маңызын және Қазақстанның ерекшеліктерін ескере отырып, Еуропа Одағы мен Қазақстан арасындағы ықпалдастықты одан әрі ілгерілету жолдарын талқылауға әзірмін.